Қазақстан үкіметі келесі жылдан бастап сүт және сүт өнімдерін таңбалауды жоспарлап отыр

2717 просмотров
0
Ратель
Суббота, 19 Сен 2020, 15:15

Алайда отандық өндірушілер оған аса қатты құлық танытып отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдан бастап отандық сүт өндірушілер сүт және сүт өнімдерін таңбалауға міндеттелмек, деп хабарлады КТК.

Елордадан 60 шақырымдай жерде орналасқан өндіріс орнынан шыққан сүт тек бас шаһардың тұрғындарынан ауыспайды. Келесі жылы енгізілетін жаңашылдық цехті сол тұтынушыларынан да айырғалы тұр. Отандық өндіруші сүтті таңбалауға аса қатты құлық танытып отырған жоқ. Себебі, шығыны көп. Бір жылда 55 миллиондай теңге галлограмманы қоюға кетпек.

Читайте также
Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

"Импорт өнім Қазақстанға еркін кіргізіледі. Ал біздің өнімді сыртқа шығару өте қиын. Жаңа ойлап тапқан жобалары талай проблема туғызатынына сенімдімін. Ол пайда әкелмейді. Осы тұрғыда мемлекеттен қолдау болуы шарт. Олар ұсынған қызмет ақысы ертеңгі күні өсіп кетпеуі керек. Себебі, біздікілер қызба, басында басқаны айтып, кейін айтқанынан тайқып, қызметті қымбаттатып жібереді", - дейді ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші Иван САУЭР.

Біздің нарықтағы сүт өнімдерінің 67 пайызы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден импортталады. Ал Қазақстанның экспорт үлесі тек 9,3 пайыз. Сыртқа шығарғанымыздан, ішке кіргізгеніміз басым. Егер таңбалау енгізілсе, елдегі ірілі-ұсақты өндірістер тұралауы әбден мүмкін. Сәйкесінше тауар құны да қымбаттайды. Әзірге 9 пайыз деген болжам бар.

Күн сайын мұнда 50 тонна сүт өндіріледі. Зауыттан шығарылатын бір қаптамадағы сүттің бағасы 230 теңге. Әрі қарай сауда орындары бұған өз пайызын қосады. Сарапшылар таңбалау басталса, бір қаптамадағы сүтке 1-ден 5 теңгеге дейін қосымша құн қосылады дейді. Ол әлі де нақты бағасы емес. Бұл тұтынушылардың қалтасын қағары сөзсіз.

Жаңашылдықты жаны қалағандар болса, контрафактіден құтылу үшін таңбалау керек дейді. Алайда сарапшылар бұл "тауар түрін жымысқы әрекетпен шекара асыру мүмкін емес" деген пікірде.

Зерттеулерге сүйенсек, контрабандалық жолмен сүтті тасу тек 0,1 пайызға жетер жетпес. Салаға жауапты шенеуніктер белгіні енгізудің тиімді тұсын айтып тауысар емес.

Читайте также
TengriBank лицензиясынан айырылды, ал салымшылар ақшаларын қалай алады

"Ресей Федерациясында сүтті таңбалау жүргізіліп жатыр. Ал Қазақстан 2021 жылға дейін бір шешімге келеді. Сүтті таңбалау арқылы оның тиімді тұстарын, өндірістік қуаттылықтың қаншаға артқанын, контрафактінің қалай азайғанын көреміз деп ойлаймын. Екі ел арасында таза, контрафактілік емес, азық-түлік қауіпсіздігі мен елдің қазыналық саясатының талаптарына сай келетін өнім өткізіледі", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Бернат АЛПЫСБЕКОВ.

Қазақстанда таңбалаумен, оның ішінде қондырғы әкелу, басқа да жұмыстар ұлттық оператор ретінде танылған "Қазақтелекомға" жүктелген.

Пилоттық жоба ретінде солтүстік қазақстандық және қостанайлық сүт фермасы алыныпты. Нәтиже қандай болары уақыт еншісінде.

Фото: sostavproduktov.ru.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
До 20% - разрыв между ценой квартиры в объявлении и ценой реальной сделки в Алматы
Что происходит с реальными ценами и рынком недвижимости
Новый фрагмент древнейшего мирного договора, 8-тысячелетние «хранители зерна» и новости с Марса
Главное в мире: обзор СМИ
Две исторические победы за один день: что происходит с политической картой Германии
АдГ впервые победила в Мекленбурге, Левые – в Берлине: Германия меняет политическую карту
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Безопасность женщин и детей - критерий зрелости государства
Зарина Есбулатова о семейной политике, демографии и результатах социальных реформ в Казахстане
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай