Қазақстан атынан Junior Eurovision байқауына қатысатын үміткерлерге дауыс беру басталды

1563 просмотров
0
Ратель
Пятница, 08 Окт 2021, 12:00

Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады

Junior Eurovision 2021 халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының мүшелері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасатын ең мықты 30 қатысушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды.

Читайте также
Тоқаев белгілі актёрді марапаттады

Ұлттық іріктеудің финалистері онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беру 8 қазан күні сағат 00:00-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады.

Бұл кезеңде қазақстандықтар jevision.khabar.kz сайтында өздеріне ұнаған қатысушыға дауыс бере алады.

Ұлттық іріктеудің финалында жас таланттар өз әндерін орындайды. Бұл кезеңдееліміздің композиторлары қатысушыларға арнайы ән жазады.

Әділқазы алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталатын болады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін Junior Eurovision Song Contest Халықаралық ән байқауына Қазақстанның атынан қатысады.

Қазақстан аймағында Junior Eurovision Song Contest байқауының финалы "Хабар" арнасының эфирінде трансляцияланады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 819 өтінім келіп түсті.

19-шы халықаралық балалар байқауында Junior Eurovision Song Contest 19 ел: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Украина кездеседі.

Аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы - "Хабар" агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Биыл жобаны өткізуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай