Қазақстан қалай бір жыл ішінде EV автомобильге екі есе ыңғайлы елге айналды

175 просмотров
0
Ольга ВОРОНЬКО
Суббота, 23 Ноя 2024, 10:00

2023 жылдың 7 желтоқсанында құрылған Qazaq Energy Charge компаниясы бір жыл ішінде ірі қалалар мен халықаралық трассаларда жоғары жылдамдықты 200 электр зарядтау станцияларын ашты

Qazaq Energy Charge компаниясы алғаш болып зарядтау станцияларын қалалардан тыс жерде орнату шешімін қабылдады. Қазіргі уақытта Астана-Алматы, Астана-Шымкент және Түркістан-Қызылорда бағыттары қуаттағыштармен қамтылды. Астана-Қостанай бағыты жақын арада іске қосылады, одан кейін басқа да тас жолдарда станциялар ашылады. Бұл станциялардың пайда болуы бірден электр көліктеріне деген сұранысқа әсер етуде. Испандық атақты саяхатшы Рафаэль Де МЕСТРЕ ғана емес, соңғы бір жылда Қазақстанға өзге елдерден көптеген басқа да саяхатшылар келе бастады.

- Биыл көктемде Рафаэль Де Местре Tesla Roadster көлігімен Қазақстан арқылы тағы бір дүниежүзілік турға аттанған. Ол Өзбекстан жақтан батысқа қарай жол тартты, - деп әңгімелейді Qazaq Energy Charge өкілі Иван МЕЛЬНИЧЕНКО (суретте). - Қыркүйекте ол досымен бірге Қорғастан Оралға дейін екі Tesla көлігімен жолға аттанды. Жол бойы біздің станцияларда зарядталды. Біз оларға көмектесіп, көліктерін тегін қуаттауы үшін абонементтер сыйладық.

Қытайдан Париждегі Олимпиада ойындарына жетуді мақсат еткен саяхатшылар да бізде қонақта болған. Олардың жолындағы алғашқы ел – Қазақстан болды, және олар біздің зарядтау станцияларымызды толықтай пайдаланды. Таяу шетелден Қазақстанға қыдыруға келетін немесе транзиттік жолмен өтетін клиенттер көбейді, бұған біздің зарядтау станцияларымыз жол ашып отыр. Бір жыл бұрын мұндай нәрсе мүмкін емес болатын, ол кезде көлікті қуаттау үшін розетканың алдында екі тәулік уақыт керек болатын. Ал қазір жоғары жылдамдықты зарядтау станциялары тұр, жолаушылар бір станцияда ары кетсе 20-30 минут тұрады. Ертең хабтар ашылған соң тіпті 15 минутта қуаттай алатын болады. Қазан айында біз Астанада 480 кВт супержылдам станциялары бар алғашқы хаб ашып үлгердік. Біздің қуаттау станцияларымызда соңғы технологиялар қолданылады, бірақ көп нәрсе көліктің өзіне байланысты келеді. Электрокөлік өндірісі ұдайы жетіліп келеді, батареялар жаңаруда, біз өте көп электр қуатын бере аламыз, оны қабылдай алатын автокөлік болса.

- Мысалы, егер Астананың сол жағалауында жарық сөніп қалса ше? Не трасса бойындағы сым үзілсе. Генераторлар қарастырылған ба?

- Иә, ондай сыртқы факторларға қарсы нарықтағы ешбір компания ештеңе істей алмас. Бірақ қазір әлемде небір технологиялар бар. Мәселен зарядтау станцияларының жанында қуат сақтап тұратын дәу пауэрбанктер бар. Біз соны да сатып алмақпыз, бағасы бойынша ұсыныстар бар. Оның алғашқылары бұйырса Алматы-Астана тас жолында пайда болады, ол жолда электрмен қамту инфрақұрылымы аздап тозыңқыраған, боранда сым үзіліп жатады. Жақын арада бұл туралы жариялаймыз деп ойлаймын.

- Станцияларыңызды табу оңай болғаны маңызды болар.

- Біздің серіктесіміз – Vlife қосымшасының әзірлеушісі – “электрокөліктерді зарядтау” атты блок жасаған. Ол арқылы картадан ел бойынша барлық бос электр станцияларын көріп, өз бағытыңызды жоспарлауға болады. Картадағы қызғылт сары шеңбер зарядтау жүріп жатқан станцияны, ал жасыл шеңбер бос станцияны білдіреді. Сонымен қатар, біз ол шеңберлерге олардың орналасқан жеріндегі мейрамханалардың, қонақүйлердің немесе саябақтардың аттарын бергіміз келеді. Біздің станциялардың 50 пайызы Qazaq Oil және Gasenergy сияқты танымал жанармай бекеттерінде орнатылған, өйткені халық сол жерлерге жиі тоқтайды. Ал қалған supercharger станциялары белгілі қонақүйлердің, жеке клиникалардың және мейрамханалардың аумағында орналасқан, сондықтан клиенттерге өз маршрутын өзгертудің қажеті жоқ. Мысалы, жақын жердегі орналасқан нүктені қарайықшы? Бұл теннис орталығы екен. Жақын арада қосымшада шеңбердің орнына теннис ракеткалары бейнеленетін болады. Осылайша, адам қай станцияда заряд алатынымен қатар, басқа қандай қызметтерді пайдалана алатынын білетін болады: тамақтана ма, анализ тапсыра ма, немесе біреумен кездесе ме. Айтпақшы, біздің клиенттеріміздің арқасында жанармай құю станцияларындағы сауда-саттық күрт өсті.

- Әлгі Рафаэльден басқа қандай клиенттерге тегін абонемент сыйлай аласыздар?

- Бізде электрокөлік жүргізушілеріне арналған қызықты маркетингтік шаралар мен акциялар жиі өтеді. Біз көп жағдайда жеңілдікпен абонементтер ұсынамыз немесе әлеуметтік желілерде флешмобтар ұйымдастырамыз. Мысалы: біздің зарядтау станциясының жанында видео түсіріп, тегін абонементтер ұтысына қатысуға болады. Қазір компанияның туған күні мен екі жүзінші зарядтау станциясының ашылуына орай көптеген қызықты шаралар жоспарланып жатыр. Мысалы, белгілі бір уақытқа жаңа абонемент енгіземіз: 100 киловатт сатып алсаңыз, 100 киловатт сыйлыққа аласыз. Яғни сізде барлығы 200 киловатт болады, бұл біз үшін символикалық мағынаға ие. Жыл бойы бізбен болған клиенттерімізге 20 киловатт сыйға тартамыз. Сонымен қатар, Vlife қосымшасының арқасында клиенттерімізге онсыз да көптеген артықшылықтар ұсынылғанын ұмытпаңыз. Қосымша бүкіл экожүйені қамтиды. Бұл тек зарядтау станцияларын басқару емес, сонымен қатар колонкаларды басқару мүмкіндігі. Яғни Vlife қолданушылары жанармай құю кешеніне келіп, сауда залына кірмей-ақ, өз көлігін қашықтан зарядтай алады. Сондай-ақ Vlife арқылы ұпай жинап, оны киловатттарға, бензинге, дүкендеріміздің тауарларына немесе дәріханалардан дәрі-дәрмек сатып алуға айырбастауға болады. Бұл өте қызықты жүйе және біздің артықшылықтарымыздың бірі.

Бізде пакет ұсыныстарымен абонементтер жүйесі құрылған, ол арқылы тариф таңдауға болады. Автокөлік жүргізушілеріне арналған мұндай экожүйе және пайдаланушылардың мұндай лояльді кластері басқа еш жерде жоқ. Сонымен қатар, біз электр көліктерін сатып алатын коммерциялық ұйымдарға тиімді ұсыныстар ұсынамыз. Біз автобус парктерімен, таксопарктермен және басқа да ұйымдармен жұмыс істейміз. Бізде мыңға жуық тұрақты клиент бар екені белгілі, олар біздің әлеуметтік желілеріміз бен арналарымызда бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды. Олар бір-біріне көмектеседі. Соңғы уақытта біз клиенттермен байланысқа аз шығамыз, өйткені біздің клиенттеріміз кейде бізден жылдамырақ жауап беріп, бір-біріне көмек көрсетеді. Осылайша, біз адамдардың бір-бірімен танысып, бір-бірін қиын жағдайларда қолдайтынын көреміз.

- Клиенттеріңіз 100 шақырымға қанша киловатт шығындайды?

- Жазда 100 шақырымға 17 киловатт жұмсалады, бұл шамамен 3,8 литр АИ-95 бензинге тең. Қыста бұл көрсеткіш жоғарырақ, себебі көлікті жылытуға энергия қажет. Елдегі арзан бензинге қарамастан, электрокарлар үшін “отын” арзанырақ шығады. Бірақ бұл олардың басты артықшылығы емес. Мен қоршаған ортаның тазалығын жақсы көретін адаммын, бұл құндылықтарды өз отбасымда және жалпы өмірде ұстанамын. Планетамыздың болашағы туралы ойлау қажет. Ал электрокарлардың тағы бір үлкен артықшылығы – бұл жөндеу жұмыстары. Электрокарды жөндеу әлдеқайда арзан, өйткені кәдімгі автомобиль қозғалтқышында шамамен 200 айналатын және тозатын бөлшектер бар. Ал электрокарда ондай бөлшек саны бар-жоғы 20-дай ғана. Ол техникалық күтімді талап етпейді – май ауыстырудың қажеті жоқ, тек кейбір редукторларда болмаса, бірақ ол да әр 10 мың шақырым сайын жасалмайды. Электрокарды пайдалану арзанырақ, оңай және жағымды, өйткені ол түрлі функциялары көп. Заманауи ЖК-дисплейлер, түрлі тетіктер. Смартфонда бар нәрселердің бәрі электрокарда да бар. Сосын бұл көлік тып-тыныш – ол дыбыссыз жүреді.

- Сіздің компанияңыздағы басшылар электрокар тебе ме?

- Команда мүшелерінің бірінде Zeekr бар, қалғандары электрокар сатып алуды қарастырып жүр. Qazaq Energy Charge компаниясы үш электрокар сатып алған, мен мініп көрдім: 100 шақырым жылдамдықты төрт секундта алады. Vlife орналасқан бизнес-орталықта шамамен 15 электрокар бар, барлығы біздің компаниямыздың жапсырмаларын жапсырып жүр.

- Елдегі электрокарлар санын бақылап жүрсіздер ме?

- Бақылаймыз. 2023 жылға дейін ресми статистика бойынша Қазақстанда 800 электрокар болған. Бүгінде біздің және бәсекелестеріміздің арқасында бұл сан 15 есеге артты. Әлемдік тәжірибені зерттеп, оның ішінде Америка мен Еуропа елдерінің табысты үлгілерін қарастырып, Қытайға барып, онда автомобильдердің 70 пайызы электрокарлар екенін көріп, Qazaq Energy Charge командасы ауамызды таза ету үшін заңнамалық деңгейде өз ұсыныстарын енгізіп жатыр. Бұл – электрокарлар үшін ақылы жолдарды тегін ету, тегін автотұрақтар және басқа да көптеген түрлі бастамалар.

Фото: Qazaq Energy Charge.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Америкаға бір ұшақпен біздің мұғалімдерді жібергенде Камала жеңетін еді дейді. Айтпайтындары жоқ.
Для борьбы с коррупционным ОПГ можно использовать ОГПО
Как заставить государственных служащих отвечать за свои дела
На соучредителя скандально известного в Караганде обменного пункта заведено уголовное дело за неисполнение решения суда
Такой метод показал эффективность даже на лучшем друге экс-министра финансов Зейнуллы Какимжанова
Нурлан Жумасултанов: Власти хотят заново расследовать причины авиакатастрофы 2019 года
Кому и зачем нужно переписать окончательный Отчет о расследовании обстоятельств аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
Мёртвый Култук оказался мёртвым
Закрыт ещё один нефтеразведочный проект "КазМунайГаза" на Каспии
Почему наши программы развития плохо работают
Нет опоры на науку, мнимые цели и плохая реализация
Так ли нова "новая ракета" России
Возможно, наличие у России новых ракетных систем и заставило президента США Обаму и канцлера Германии Меркель занять по отношению к России откровенно "беззубую" позицию
Паттайя – Город грехов: что там делать в ноябре и стоит ли вообще туда соваться
Отдых с пользой: советы Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Ноль как показатель безопасности
С начала года на дорогах Казахстана погибло более 300 человек
Қазақстан қалай бір жыл ішінде EV автомобильге екі есе ыңғайлы елге айналды
2023 жылдың 7 желтоқсанында құрылған Qazaq Energy Charge компаниясы бір жыл ішінде ірі қалалар мен халықаралық трассаларда жоғары жылдамдықты 200 электр зарядтау станцияларын ашты
Иран: как большая страна выживает в санкциях из-за идеологического конфликта
О внутренних процессах в стране и о том, как на них может повлиять Трамп
Профессора права, замначальника юридического института, поймали пьяным за рулём
Водительские права у него забрали, но за решётку он не попал. Суд поручил разобраться с ним коллегам по работе
Семейчанин так убедительно просил в долг, что оказался в колонии
Один из его кредиторов попал в больницу с переломом ребра
В "Самрук-Казына" считают внутристрановую ценность кофе-брейков
"Центр социального взаимодействия и коммуникаций", принадлежащий СК, следит за рабочими, проводит детские утренники и тимбилдинги за сотни миллионов тенге
В СКО состоялся показательный суд над злостным алиментщиком
Нерадивого папашу наказали лишением свободы
На митинг вышли мусорщики Талдыкоргана
В акимате города делают вид, что всё в порядке, и ссылаются на Экологический кодекс
Жителя Уральска незаконно обвинили в банковском мошенничестве
Теперь он пытается наказать виновных, но правоохранители не усматривают в этом большой проблемы
Шымкент тұрғыны түк істемей жалақы алудың жолын тапты
Инженер-геодезист жарты жыл бойы далаға шығып, геодеректер жинадым деген. Шын мәнінде ешқайда шықпай, түк істемей, тек жалақы алып отырған
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.