Боксшы Аида Сатыбалдинова ер адамдардың балгерлерге баруын қорқынышты жайт деп атады
АҚШ-та тұратын қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида САТЫБАЛДИНОВА БИШІМБАЕВ ісіне қатысты өз ойын айтты.
Спортшы экс-министрдің сот процесін мұхиттың арғы жағында отырып үзбей көретін секілді.
Айта кетейік, Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Оған әйелін азаптап өлтірді деген айып тағылған. Қанды оқиға болған кезде Бишімбаев жедел жәрдемге емес, көріпкел-балгерге хабарласқанын сот отырысында мойындады.
"Сот отырысын көруді жалғастырып жатырмын. Бишімбаев бірде балгерге хабарласқанын айтса, бірде жұртты қарғап әлек. Қазақстан билігінде балгерлерге жүгіріп, оларға сенетін министрлердің қаншауы бар екенін білудің өзі қорқынышты. Бұрын әйелдер айналысатын мұндаймен, қазір ерлер", - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы мен Спорт министрлігін де өткір сынаған болатын.
Фото: primeminister.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!