"Ақын" фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді

1666 просмотров
0
Ратель
Четверг, 30 Сен 2021, 12:45

естивальдің ашылу салтанатында американдық режиссер Клинт Иствудтың "Жігіттердің көз жасы" атты картинасы көрсетілетін болады

Белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмінің әлемдік тұсаукесері 34-ші Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өтеді. Аталған байқау үстіміздегі жылдың қазанның 30-ы мен қарашаның 8-і аралығында Жапонияда өтеді.

Читайте также
Балалар Евровидениесінің Қазақстандағы ұлттық іріктеуіне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қолдауымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Ақын" фильмі Дидар есімді мойындалмаған жазушының өмірі туралы баяндайды. Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің "Авторлық кеш" желісі бойыншы жазылған.

- "Ақын" фильмі ең алдымен отандық көрермендерге арналған. Осының алдында түсірген менің басқа фильмдеріме қарағанда, бұл туындыны мазмұны мен проблематикасы жағынан ұлттық кино деуге болады. Фильмде қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты проблемалар көтерілген. Алайда бұл көпшілікке ортақ мәселе, өйткені бүгінде қаншама тілдер жойылып барады, тіпті жазушыларды да ешкім керек етпейді, - деді режиссер Дәрежан Өмірбаев.

Айта кетсек, 1980 жылдан бері өткізіліпкеле жатқан Tokyo International Film Festival кинофестивалі Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының (FIAPF) тіркеуінен өткен, "А" санатындағы әлемдегі үздік 15 кинобайқаудың қатарына кіретін беделді фестивальдердің бірі.

Биыл фестивальге қатысуға 113 елден 1533 өтінімдер келіп түскен екен. Нәтижесінде фестивальдің басты байқауына 15 кинотуынды іріктеліп алынған, оның 10 фильмі алғаш рет көрермендерге ұсынылатын болады. Халықаралық қазылар алқасын аты аңызға айналған француз актрисасы Изабель Юппер басқарады.

Фестивальдің ашылу салтанатында американдық режиссер Клинт Иствудтың "Жігіттердің көз жасы" атты картинасы көрсетілетін болады.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Сотрудница полиции СКО внесла вклад в победу казахстанской команды на UAE SWAT Challenge 2026