Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады

1113 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 22 Мая 2023, 12:30

Ішкі істер министрлігі қолданыстағы көлікті сатып алмас бұрын оның тарихын тексеріп алу керектігін ескертеді

"Автокөлік тарихы" онлайн сервисі іске қосылған сәттен қазақстандықтар 2 миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Читайте также
Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Ішкі істер министрлігі қолданыстағы көлікті сатып алмас бұрын оның тарихын тексеріп алу керектігін ескертеді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "Автокөлік тарихы" қызметі көлікті сатып алып жатқанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні;

– бұрынғы иелерінің саны;

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы, сонымен қатар басқа да мәліметтер.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис "102" және "Halyk Bank", "Bereke Bank", "CenterCredit", "ForteBank" мобильдік қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

Алдағы уақытта ІІМ "Автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

Фото: autostat.ru.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.