Аузымызды ашып отырғанда “Ассалау” деп Temu келді

3127 просмотров
0
Ратель
Четверг, 27 Фев 2025, 12:00

Қытайдың маркетплейсі Қазақстан нарығында ойран сала бастады

Аз уақыт бұрын Қазақстанның шағындау нарығының есігін аттап Temu кіріп келген еді. Қытайлық маркетплейс бізге кірді, көрді және осында қаламын деді. Бұл онлайн-алпауытқа сенуге бола ма, одан жергілікті сатушылар мен өндірушілерге келіп-кетер несі бар екенін талдап көрелік.

Читайте также
Temu Қытай үкіметіне деректер жинайтынын жоққа шығарады

Temu Қазақстан нарығына қалай келді

Тым батыл баға саясаты. Компания көптеген бәсекелестермен салыстырғанда шынымен де әлдеқайда арзан бағамен тауар ұсынады.

"Temu сатушылардан өз өнімдерін AliExpress-тегі бағадан да төменге сатуды талап етеді. Егер бірнеше сатушы бірдей тауар ұсынса, Temu тек ең төмен бағаны қойған сатушыны таңдайды. Temu-дың минималды сату талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар (14 күн ішінде 30 дана және 90 доллар) платформадан алынып тасталады", - деп жазады Wikipedia.

Рас, тауарды өзіндік құнынан екі есе арзанға сата алатын қытайлық алпауытпен бәсекелесу оңай емес. Бұл көлікпен жарысқан жаяу адамның тірлігі сықылды.

Бұған қоса, жергілікті кәсіпкерлер тек баға жағынан ғана емес, маркетингтік стратегия бойынша да бәсекелесуге мәжбүр.

Маркетингтік соғыс. Temu-дің маркетингтік стратегиясы сұмдық. 2023 жылы компания түрлі маркетингтік науқандарға $1,7 млрд жұмсап жіберген, ал 2024 жылы мұндай шығындары кей болжамдар бойынша $3 млрд-қа дейін жетуі мүмкін.

Temu жарнама нарығын толық дерлік жаулап алды. Қытайлық маркетплейс Google мен Meta-ның негізгі клиентіне айналды.

Оның жарнама берудегі белсенділігінің арқасында Google-дегі жарнама құны ондаған пайызға өсті. Google жүйесінің қалай жұмыс істейтіні белгілі – кім көбірек төлейді, соның тауарының жарнамасы алдыңнан бірінші шығады.

Читайте также
Смартфоныңыздағы қытайлық қауіп: Temu дегеннен сақтану керек

Temu-дің Қазақстан нарығына екпінмен енуі онлайн-бизнеспен айналысатын барлық кәсіпкерлерге әсер етуде. Енді олардың іздеу нәтижелерінің алғашқы беттеріне шығуы қиындай түсті, себебі оны қытайлық платформа басып алды.

Жағдай күннен-күнге қиындап барады. Temu сияқты қытайлық маркетплейстер жергілікті бизнесті нарықтан ығыстырып, экономиканың маңызды бөлігін жойып жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер табысынан айырылады, себебі олар алып корпорациямен бәсекелесе алмайды.

2023 жылғы деректерге сәйкес, Temu Қазақстандағы сауда көлемін ұлғайтып келеді, өйткені қытайлық тауарларға сұраныс қашан да жоғары. Оның нарықтағы нақты үлесі белгісіз болғанымен, 2023 жылы Қазақстандағы электрондық коммерция 28%-ға өсті, және бұл өсімнен Temu айтарлықтай пайда көріп отыр.

Қорытынды: Temu-дің нарықты жаулауы жергілікті бизнеске қауіпті ма?

Temu-дың тым арзан бағалары мен маркетингтік саясаты отандық өндірушілердің табысын азайтып, олардың банкротқа ұшырау қаупін арттырады.

Нәтижесінде, жергілікті кәсіпорындар жабылып, елдің экономикасы халықаралық алпауыттарға тәуелді бола бастайды.

Қысқасы, түптің түбі қазақстандық бизнес құмға сіңген судай құрдымға кетіп тұрмасын…

Фото: Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером