Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

3164 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 24 Мар 2024, 15:00

Мүфтият, басқа да діни орындар бекіткен дастарқан мәзірі жоқ

Соңғы уақытта ауызашар бір-біріне еліктеушілік немесе қинау, зорлыққа ұласып кетіп жатыр, деген пікірін "Ырыскелді қажы" атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан БАЙЖІГІТҰЛЫ білдірді. Оның сөзінше, мынау аста-төк дастарқан жайды деп, қарызға батып ауызашар берудің қажеті жоқ.

- Оразаның басты мақсаты ағайындарды біріктіру, ұзағандарды жақындастыру, ренжіскендерді райынан қайтару, алдынан өту сынды ғибратты іс-әрекеттерді қамтыған дұрыс. Біздің ауызашарларымыз кейінгі жылдары шоу, гала-концертке дейін айналып бара жатқан жағдайларды байқап жүрміз. Бұл кезде жылына бір келетін Рамазан айын пайдалы өткізуге көңіл бөлу керек, - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Читайте также
Гербке мемлекеттің сұсы мен сесі жетпей тұр – депутаттар

Нұрлан имам ауызашар беруде алдымен ниетті дұрыстау маңызды екенін қаперге салды.

"Ауызашар берудегі ең ескеретін тұс - дастарқанда бақталастық болмау керек. Біздің қоғамда адамдар бәленшенің дастарқаны керемет болды, ал екінші бір адам жағдайы жеткенше жасаса дастарқаны қарапайым болды деп әңгімелеп жатады. Бұл дұрыс әрекет емес. Адам Құдайға дастарқанымен жақындамайды. Пейілімен жақындайды. Сондықтан кім қандай ниетпен ауызашар берсе, сауап та соған қарай беріледі. Асылында бұл аса мән беретін мәселе. Ауызашарда бірінші су, сұйық тағамдар көбірек берілу керек. Бізде бірден алдыңа ет қояды. Мұндайда күні бойы аузы берік адамның шөлі басылмай қалады. Мүфтият, басқа да діни орындар бекіткен дастарқан мәзірі жоқ. Халқымыз құрмет білдіру үшін мол дастарқан жаяды. Алайда бақталастыққа өтіп кетпеуді қадағалау шарт. Мен алдыма жан салмаймын, менің дастарқаным ең жақсы болуы қажет деген түсініктен арылған дұрыс", деді ол.

Фото: Ақорда.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Оставьте комментарий

- Президент Республики Казахстан
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас — о внутренней ответственности общества и государства
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай