
"Сары" аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс "қызыл" аймақта болмаған еді.
Алайда бүгінгі мәлімет "қызыл" аймаққа Атырау облысының енгенін хабарлап отыр.
Сонымен қатар, "сары" аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлердің бәрі де "жасыл" аймақта.
Бүкіл Қазақстан аумағы да "жасыл" аймақтың ішіне белгіленген.