Ақтөбеде мас жүргізуші полицейлерге бар-жоғы 10 мың теңге пара ұсынды

1440 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 02 Дек 2024, 14:00

Енді ол мас күйде көлік жүргізгені үшін ғана емес, лауазымды тұлғаға пара беру әрекеті үшін де жауап береді

Ақтөбеде мас жүргізуші патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 27 қарашаға қараған түні Ақтөбе қаласында болған. Патрульдік полиция инспекторы қызмет барысында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатып, жүргізушіден алкогольдің өткір иісін байқады.

Читайте также
Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

Осыған байланысты полицей оны медициналық тексеруден өткізу үшін жіберді. Тексеру нәтижелері полицейдің болжамдарын растады.

Мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы жүргізуші құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік хаттама толтырмауды сұрап, инспекторға 10 000 теңге пара ұсынды. Полиция қызметкері дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, пара ұсынғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заттай айғақ ретінде пара тәркіленіп, көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ал жүргізуші қамауға алынды.

Енді ақтөбелік тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана емес, сонымен қатар лауазымды тұлғаға пара беру әрекеті үшін де жауап береді.

Оған мүлкі тәркіленіп, параның жиырма еседен отыз есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Фото: Halyq Uni.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Атырау переходит на Onay