Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады
Ертең, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ "Ақорданың" әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл туралы ҚазАқпарат БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.