Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

2293 просмотров
0
Ратель
Среда, 07 Июл 2021, 12:00

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 28 адам қайтыс болды

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Акорда.

Читайте также
Imanbek Роза Рымбаеваның сынына жауап берді

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", – делінген президенттің жеделхатында.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды Sputnik.

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі теңізге құлаған. Себебі Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Алдын ала дерек бойынша олардың барлығы қайтыс болды.

Ресей Федерациясының тергеу комитеті ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Агенттік ұшақтың апатқа ұшырауының үш ықтимал нұсқасын қарастырады: қолайсыз ауа райы, әуе кемесінің техникалық ақаулары және ұшу барысындағы қателік.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Сотрудник МЧС стал победителем международного турнира по BJJ