Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Президент Луис Инасиу Лула да СИЛВАНЫ Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.
Фото: t.me/aqorda_resmi.