Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-2050" стратегиясын" түбегейлі қайта қарауды ұсынды

1188 просмотров
0
Ратель
Среда, 29 Мар 2023, 12:00

Бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында "Қазақстан-2050" стратегиясын" түбегейлі қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Алматыда тағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек

"Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл тұрғындарына осы игіліктің бәрі қолжетімді болады. Ол үшін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік статистика және мемлекет көрсететін қызметтер туралы заңдарға өзгертулер енгізу қажет", - деген мемлекет басшысы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңғырту мәселесіне жеке тоқталды.

"Соңғы жылдары әлемде теңдессіз геосаяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер болды. Осыған орай, біздің кейбір стратегиялық құжатымыз өзектілігін жоғалтты. Сондықтан "Қазақстан – 2050" стратегиясын" түбегейлі қайта қарау қажет. Яғни, бұл құжатты қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, ел дамуының ұзақ мерзімге арналған басымдықтарын айқындайтын стратегияға айналдыру керек. Жалпы, кез-келген жұмыс мұқият жоспарлануы керек. Сонда мемлекеттік саясат стратегиялық сипатқа ие болады және тұрақты жүзеге асырылады. Сонымен бірге еліміз кез келген сын-қатерге төтеп бере алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елордада VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтіп жатыр. Жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Фото: t.me/aqorda_resmi.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора