Ақсуда ер адам 12 жастағы қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

1469 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 19 Ноя 2023, 12:00

Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодар облысында жасөспірім қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғыны жасөспірімді оральдық жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, оны мектеп маңында аңдып жүрген. Қазір бұл істі полицейлер тексеріп жатыр, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Каzinform.

Читайте также
Министр жеке құжаттардың ірі платформаларда ашылуы мүмкіндігіне қатысты түсінік берді

Ер адам оқушы қызбен әлеуметтік желіде танысқан. Ол баланы оральдық жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, содан кейін мектеп жанында күтіп жүріп, қайталауды талап еткен. Жасөспірім болған жайтты анасына айтып, анасы полицияға арыз жазды.

Ақсу қаласының білім бөлімінде бұл ақпаратты растады. Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті анықталды. Ол Ақсу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деп түсіндірді Павлодар облысының полиция департаментінен.

Ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Depositphotos.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Посольство Индии организовало приём в честь 77-летия Дня Республики
По итогам 2025 года товарооборот между Индией и Казахстаном достиг 1 млрд долларов США