Астанада тұрғын үй салып жатқан компания әкімдікті сотқа берді

1631 просмотров
0
Ратель
Суббота, 14 Дек 2024, 15:00

Мәселені шешудің орнына ушықтырып жіберген қала әкімінің бірінші орынбасары

Астана қаласының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік органдардың құрылысқа келтіріп отырған әкімшілік кедергілері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қызық-ей. Біреудің әйелінде несі бар

Шағымданушылардың бірі – Абылай хан даңғылы мен Ғ.Мүсірепов көшесінің қиылысында бой көтеруге тиіс болған 8 қабатты тұрғын үйдің меншік иесі. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Астанадағы бөлімшесіне "Fiesta Hall" жауапкершілігі шектеулігі серіктестігі қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы өрескел бұзып отырғаны туралы шағым түсіреді.

Серіктестік иесі қос кіреберісі бар, астыңғы қабаты жабық көлік тұрағына берілетін, тұрғын аумағы 8 қабатты тұрғын үй салу үшін 24 соттық жер сатып алып, қажетті құжаттардың бәрін рәсімдеген. "Атамекен" ҰКП анықтамасында құрылысқа қажетті құжаттардың бәрі заңға сәйкес рәсімделгені айтылған. Тиісті сараптамалардың бәрінен өтіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат беретін талон да алған.

Биылғы 12 қарашада серіктестік Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасына өзі сатып алған жерде өсіп тұрған ағаштарды кесуге рұқсат беруін сұрап, өтініш түсіреді. 

Үш күн өткенде басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермейтінін хабарлап, жауап қатады. Оған Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің кәсіпкерге тиесілі жер телімінің пайдалану мақсатын "тұрғын үйден", "скверге" ауыстыру туралы өтініші негіз болған. 

Ал 17 желтоқсанда аталған жер телімінің тағдырын айқындау үшін қоғамдық тыңдау өткізу жоспарланып отыр. Кәсіпкер қоғамдық тыңдау телімді сквер аумағына қосу туралы шешім қабылдаса, құрылысқа деп салған, жер сатып алуға жұмсаған қаражаты өтеусіз қалады деп алаңдайтынын айтқан.

Читайте также
Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясынан кетті

Кеңесте осы дауға қатысты мемлекеттік органдардың өкілдері мен "Fiesta Hall" ЖШС басшылары кезек-кезек сөз алып, өз уәждерін айтты.

Серіктестіктің заңгері Әділет ИЛЬЯШЕВ осы нысанға кәсіпкер қазірдің өзінде 200 млн теңгеден астам қаражат жұмсағанын айтады.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр ІЛИЯСОВ кәсіпкер тарапынан заңға қайшы әрекет болмағанын, мәселе тұрғындар қарсылығында екенін айтады. 

Аталмыш аудандағы бірнеше тұрғын сквердің бойына тағы бір үй салынатынына қарсылық танытып, бірнеше рет жиын өткізген. 

- Серіктестің адал жұмыс істеп жатқанына ешқандай күмән жоқ. Бәрі заңды негізде деп айта аламыз. Бұл жерде проблема сол аудандағы тұрғындардың қарсылығында және қаланың жаңа бас жоспары бойынша жер телімі сквер аумағына қосылу керек. Біз ұсына алатын жалғыз жол – орнына басқа жер телімін беру. Қала аумағында беруге болатын бос жер телімдері бар. Бірақ олар бұл нысан сияқты қаланың ортасында емес, шеткері аудандарында орналасқан, - деді ол.

Сондай-ақ, ол Астананың бас жоспары Үкімет қаулысымен бекітілгендіктен, оны өзгертуге әкімдік басқармасының құзыреті жетпейтінін еске салды.

Әкімдік мамандары аталған ауданның 15-20 тұрғыны үнемі көшеге шығып, жиын өткізіп, тұрғын үйдің салынуына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жүргенін айтты. 

Читайте также
Черчесовтың тағдыры жақында шешіледі

Астана қаласының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі Қанат ЕЛЕУСІЗОВ Триатлон паркінің аумағынан BI Group компаниясы екі үйді салып бастағанда да халық қарсы шыққанын, бірақ ол кезде кәсіпкердің пайдасына шешім қабылданғанын мысалға келтірді.

- Ол кезде де халық митингіге шығып, тіпті компания басшысының өзіне де барғанын білесіздер. Бірақ соған қарамастан құрылыс жүріп жатыр ғой. Сондай әдемі саябақтың іргесіне үй жапсыру не үшін керек болды? Сонда біреуге халық қарсылығына қарамастан үй салуға болады, ал бұл адамдарға болмай ма? Сондықтан әкімдіктің мәселені шешу тәсілі дұрыс емес деп ойлаймын, - деді сарапшы.

Кеңес мүшелері аталған проблема бойынша Астана қаласы әкімінің атына мәселені шешудің орнына ушықтырып жіберген қала әкімінің бірінші орынбасарының әрекетін мұқият қарауды талап ету туралы хат жолдауға келісті. Ал кәсіпкер әкімдікпен соттасқан жағдайда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының заңгерлерін іске тартып, қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

Кеңес мүшелерінің ішінде бас жоспардың өзгеретінін біле отырып, құрылысқа рұқсат берген, соның салдарынан кәсіпкерді тығырыққа тіреп қойған мемлекеттік органдарды сотқа беруді ұсынғандар болды. Әкімдіктің әрекеті заңсыз екені дәлелденсе, кәсіпкер бұған дейінгі уақыты мен қаржылай шығынға қоса кешіктірілген табысты да талап ете алатыны айтылды.

Читайте также
Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі

- Осы дүйсенбіде Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгініп, Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының үстінен шағым түсірдік. Бұған дейін Бас прокуратураға дейін жазбаша жүгініп көрдім. Бүкіл өтінішім ең аяғында әкімдікке келіп түседі. Енді сол соттың шағымға қандай жауап беретінін күтіп отырмыз. Осы аптада жауап беруі керек болған, - дейді кәсіпкер.

Фото: Есімжан Нақтыбай / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента