Ас беруде артық кетіп жүрміз

6288 просмотров
0
Ратель
Суббота, 11 Янв 2025, 13:30

Қазіргі заманғы жыртыс – тек жарыс пен ысырап

Жуырда Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі жиын өткізіп, онда ас беріп, жаназа шығаруды бір ізге түсіру жөні талқыға салын­ды. Облыс ардагерлері, дін өкілдері мен қоғам белсенділері қатысқан жиында тақырыпқа орай ұсыныс-пікір айтқандар көп болды, деп жазады egemen.kz журналисі Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ.

“Ас берудің мәдениеті” атты алқа отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік ДҮЙСЕНБАЕВ ас беруде артық кетіп жатқан тұстарымызды айтып өтті. Тіпті қазалы үйдің қазанын аңдып, жақынынан айырылып қай­ғыға батқан үйде жайылған дас­тарқан басында кеу-кеулесіп оты­ратындардың көбеюі әдетке айна­лып барады. Мұндайда алыс­тан келген туыстары мен мар­құмның ет жақын ағайыны ғана қалып, ас үстінде алдағы шаруаны ақылдасар болар еді. Қазір бұл қазалы үйден қарын тойдырудың қамына айналып кеткен.

Читайте также
Таразда той-томалақ өткізудің ортақ ережесі бекітіледі

“Марқұмның жетісі, қырқы мен жүзі секілді рәсімдерде де дас­тар­қанға құстың сүтінен басқа­ның бәрін қойып, мейрамханаларда атап өту көбейіп барады. “Өлім бардың малын шашатынын” жақ­сы білеміз. Сонда да қолында бар азаматтар ысыраптан тыйылып, осындай рәсімдерде артық шығыннан арылса деген тілегіміз бар. Әйтпесе дәл қазір “Аттыға еріп, жаяудың таңы айырылыпты” дегенге келіп тұрмыз. Марқұмды ақырет сапарына аттандыру, оның жөн-жоралғысын жасау сауаптан гөрі артық салмаққа айналып барады. Жұртты ас берудің рухани мәніне назар қойып, қара­пайым­дылық қағидаттарынан атта­мау­ға үгіттеуде қоғам қолдауы аса қажет”, - деді кеңес төрағасы.

Облыстың бас имамы Дастан ҚҰР­МАНБАЕВ жаназа мен жерлеу рәсім­дерінен бөлек, зират және зия­рат мә­дениетін қалып­та­с­ты­ру­дың ма­ңызы туралы айтты. Жаназа үсті­н­де келгендерге ақша, орамал таратып, әр атаға бір шапан жабу да көңілге сыймайды.

Жиында пікір білдірген облыс­тың белгілі азаматы Қалқазбек ӘЖІ­БЕКОВ осындай әдеттің өршіп бара жатқанына қынжылыс біл­дірді. “Бәленше әкесінің қыр­қына жылқы сойды, біз де содан қалмауымыз керек” деген бәсеке қоңыр тірлігі бар талай шаңы­рақты қарыз батпағына батырып болды. Мейрамханада аталып өткен ас беруден кейін қоқыс жәшігіне тасталатын нан обалын да ойлаудан қалып барамыз. Өзіміздің арамызда ұлты басқа болғанмен діні бір ағайынның ортасында мұндай дарақылық жоқ. Оларда үш күнге дейін қазалы үйде қазан көтерілмейді. Бір бере­кесіз бәйгенің соңында жүрген – біз ғана. Бұған бәлкім өлі разы болар, бірақ тірінің байып кетуі күмәнді”, - дейді ардагер.

Ұзақ жыл елге қызмет істе­ген ақсақал Қорғанбек ҚАЙРУЛ­ЛАЕВ та ортақ мәселеге орай ұсы­ныс білдірді. Ардагер қазір той мен қазада шапан жабу арқы­лы құрметтің құнын әбден құл­ды­ратып алғанымызды айтады.

Читайте также
Ринат Зайытов: Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз

“Біздің бала кезімізде жүздің біріне ғана шапан жабылатын еді. Ондай құрметке қолы жеткендер кемде-кем болатын. Қазір сол қасиеттің құнын түсіріп алдық. Әр үйде кемінде он шақтысы жатыр. Жұрттың құрметін көпсінгендей болмайық, бірақ тойға қатар барған 10 адамның бесеуі үйіне шапан арқалап қайтатынын көріп жүрміз. Оның қымбатын да, арза­нын да көшеге киіп жатқан ешкімді тағы байқамайсың. Елдің ортасында өскесін жасы келген кісілер қайтқанда киген киімін тәбәрік деп алып жатқанын талай көрдік. Қазір марқұм болған жан тірісінде иығына ілмеген су жаңа киімдерді сатып алып, тарататынын байқап жүрміз. Біздікі осы не тыраштық?” - дейді ақсақал.

Аталған кеңесте ұсыныс-пікір айтқандар жыртыс таратудан бұрын хабар жеткізу құралы ретінде қолданылғанымен, қазір бұл рәсім маңызын жоғалтқанын айтады. Қазіргі заманғы жыртыс – тек жарыс пен ысырап. Қаралы үйге бұл артық шығын әкелетін осы құбылыс марқұмға ешқандай сауап қоспайтынын ұмытпауымыз керек. Қыршын кеткен азаматтар үшін үй тігіп, мол дастарқан жаю­ды ойламай, қаралы отбасына рухани қолдау көрсеткен жөн.

Жиын қорытындысымен арда­герлер кеңесі мен ҚМДБ облыс бойынша өкілдігінің бірлес­кен үндеуі жарияланды. Арда­гер­лердің бұл бастамасы елді шектен тыс ысырапшылдықтан арылтып, ас беру рәсімдерінің түпкі мәнін сақтауға бағытталып отыр.

Фото: Ерлан ОМАР, “EQ”.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером