Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталғандай ер адам "Lotomatic" лотерея өнімдері түрінде Макинск және Щучье қалаларында заңсыз ойын терминалдарын орнатқан
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталғандай ер адам "Lotomatic" лотерея өнімдері түрінде Макинск және Щучье қалаларында заңсыз ойын терминалдарын орнатқан.
"Тергеу шаралары барысында ойын терминалдары мен ақша қаражаты тәркіленді. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесі аясында жария етілмейді", - деді Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанда 22 жыл іздеуде болған ақмолалық Ресейде ұсталған еді.
Фото: tengrinews.kz.