Америкада жалақыны ай сайын емес, әр апта сайын береді екен
Қазір Америкада тұратын Ербол МОЛДАЖАН тапқан табысы туралы ашып айтып берді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Ербол Молдажан АҚШ-та трак айдап, ақша тапқан.
"Америкада жалақы бір ай емес, әр апта сайын береді. Трак айдаушы болып жұмыс істеудің 3 түрі бар: компанияға жүргізуші болып жалданасың, тракты жалға алып өзің жұмыс істейсің, тракты сатып алып, иесі боласың. Біз тракты жалға алдық. Енді қисапқа көшейік. Алдымен жүкті 900 долларға Dallas-тан San-Antonio-ға жеткіздік. Сосын 2500 долларға San-Antonio-дан Glendale-ға жүк алдық. Ал Phoenix-тан Plainfeild-қа 9100 долларға шыққан тасымал нағыз майшелпектің өзі дерсің. Өкінішке қарай, бұл аптада жоспарлы екі жүк жеткізілмейтін болды. Ондай кезде 175 доллардан комиссия төленеді. Соған қарамастан, жалпы 6 күнде 4 жүкпен 12960 доллар гросс жаптық. Гросс – жалпы кірген табыс", - дейді ол.
Қазіргі бағаммен 12960 доллар теңгеге шаққанда 6 792 448 теңге. Ербол Молдажан шығындарды есептеп, қалтада қанша қалатынын айтты.
"Оның 12 пайызын жүкті тапқан компанияға ұстаттық. Жап-жаңа тракты жалға алғанымыз үшін 1298 доллар, ал жанармайға 1935 доллар төледік. Өзге де ұсақ шығындарды қоссақ, жалпы шығын 3754 доллар болды. Таза қалғаны – 7560 доллар, оны екіге бөлеміз, сонда әрқайсымызға 3850 доллар, теңгеге айналдырсақ 2 миллионнан асады. Бірақ оны 4-ке көбейтіп, айына 8 миллион табады деп асықпаңыз. Өйткені әрдайым олай бола бермейді", - дейді Америкадағы қазақ жігіт.
Фото: depositphotos.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!