Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынатынын айтты.
Фото: t.me/aqorda_resmi.