Алматыдағы Сайранның жағасы ашылмай жатып қоқысқа толды

2124 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 23 Июн 2025, 13:30

Сайранда қаптаған халық, бала-шаға емін-еркін шомылып жүр

Алматыдағы Сайран көлін жаңғырту жұмысы аяқталмай жатып айналасы қоқысқа толды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Суға түсу маусымын бастап кеткен жұрт қоқысты беталды тастап, жағажайдың көркі қазірден кете бастаған.

Читайте также
Қазақстанда базар азайып, дүкен көбейіп келеді

Жасанды көл күрделі жаңғыртудан соң ресми түрде әлі ашылмаған.

Маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру жүргізіліп жатыр.

Әзірге көлде шомылуға болмайды. Алайда ескертуді пысқырып жатқан тұрғындар жоқ. Сайранда бала-шаға емін-еркін шомылып жүр.

Айта кетерлігі, мұнда қоғамдық дәретхана да ашылмаған.

Қоқыс жәшіктері бар болғанымен, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдығын отырған жерінде тастап кетіп жатыр. Қоқыс көл бетінде де қалқып жүр. Жағажайда ешкім тазалықты қадағалап жүрген жоқ. “Қоқысты кейде еріктілер жинап кетеді”, дейді маңайдағы тұрғындар.

Фото: КТК телеарнасы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдарбек Сапаров провел ряд двусторонних переговоров с бизнес-сообществом ОАЭ