Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатпақ

1758 просмотров
0
Ратель
Вторник, 11 Мар 2025, 14:00

Саясаткердің 80 жылдығын тойлауды Путин бұйырып, тиісті құжатқа қол қойған

Ресей депутаттары Владимир ЖИРИНОВСКИЙГЕ ескерткіш қоймақшы. Депутаттың 80 жылдығына орай 2026 жылы Ресей мен Қазақстан қалаларында ескерткіш қоюды жоспарлап отырғанын ТАСС хабарлады, деп жазады kursiv.media.

Читайте также
Қазақстан бір жылда 435,4 мың шетелдікке ЖСН берген

Басылым хабарлауынша, ЛДПР партиясының бұрынғы басшысына алғашқы ескерткіш 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында Мордовия Республикасының Саранск қаласында ашылуы мүмкін.

“Сондай-ақ саясаткердің шағын отаны – Алматыда да ескерткішін ашу жоспарланған”, - деп жазады басылым.

Ресейде ескерткіштен бөлек, Жириновскийге қатысты деректі фильм мен сериал түсіріледі. Деректі фильм премьерасы 2026 жылдың сәуіріне жоспарланған. 75 жасында қайтыс болған саясаткердің 80 жылдығын тойлауды Ресей президенті Владимир ПУТИН бұйырып, тиісті құжатқа қол қойған.

Айта кетейік, 2005 жылы Жириновский “адамзат тарихында Қазақстан деген мемлекет болмаған. Қазақ тілі жоқ, оның жазба тілі жоқ. Ол жерде ештеңе жоқ, болмаған” деп мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдемесінен кейін оның Қазақстанға кіруіне тыйым салған болатын.

Фото: shuttterstock.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
90 тысяч человек сдали январское ент