![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2021/October/22/9b7836f1a0736c3f12144a8098614282ffedfbb7.jpg)
Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды
Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Алматы қаласы мәслихаты 2020 жылдың 30 қазанындағы "Дәрі-дәрмекпен қосымша қамтамасыз ету туралы" шешімге толықтырулар енгізетін шешім жобасын дайындады.
Енді бюджеттен дәрі-дәрмектер Алматы қаласының тұрғындарына келесі аурулар бойынша қамтамасыз етілетін болады:
Қатал адам синдромы – октагам;
Ойық жара – адалимумаб;
Бұлшықет дистрофиясы – этеплирсен, дефлазакорт, Голодирсен;
Муковисцидоз – Стерилденген Nutriet Standard 200 мл, Nutriet Energy 200 мл, Nutriet Standard 350 г.
Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.