Алматыда грантқа түсу үшін өткізілетін ҰБТ ертең басталады

1917 просмотров
0
Ратель
Среда, 05 Мая 2021, 13:30

Биыл ҰБТ алғаш рет наурыздан маусымға дейін өткізіліп отыр

Алматыда ертең ҰБТ тапсыру басталады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал АЙТУАРОВА мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 6 мамыр күні биылғы және өткен жылдардағы қала мектептері түлектері арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады.

Читайте также
Қазақстанда жұма намазын оқуға рұқсат берілді

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында халық көп жиналатын орындарға бару қажеттілігін болдырмау үшін ҰБТ қатысу үшін түлектердің өтінішін қабылдау ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеу арқылы жүзеге асады. Оған қоса бұл бітіруші республика бойынша ҰБТ тапсыратын орынды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - дейді ол.

Сонымен қатар ол ҰБТ тапсырудағы биылғы ерекшеліктерді атап өтті.

"Өткен жылдардағыдай емес, биыл ҰБТ өтетін орын біреу ғана. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің базасында өтеді. Тест өткізу форматы тек электронды түрде, бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера принципі бойынша өтеді. Бір күнде 2 лек қатысады, түске дейін және түстен кейін. Отыратын орындардың ең көп саны 300", - деді Ақмарал Айтуарова.

Биыл ҰБТ алғаш рет наурыздан маусымға дейін өткізіліп отыр. 10 наурыз бен 26 сәуір аралығында ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін еркі бойынша өткізілген, 6 мамырдан 30 маусымға дейін білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді.

"Биыл алғаш рет түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру және ҰБТ-ның ең үздік нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығы беріледі", - деді ол.

ҰБТ-ның жалпы ұзақтығы аппеляцияны есепке алғанда 4 сағат 30 минут (270 минут). Тестілеу уақыты - 240 минут. 60 минуттық тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар үшін үзіліс және дене шынықтыру үшін 2 минут беріледі. 120 минут тестілеу аяқталғаннан кейін 15 минут үзіліс беріледі; 180 минут тестілеуден кейін көзге арналған жаттығулар мен дене шынықтыру жаттығулары үшін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана