"Алматы жастары 3.0" жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

3509 просмотров
0
Ратель
Среда, 19 Фев 2020, 13:00

Қала әкімінің айтуынша, бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету

Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
60+ және 70+

"Біз "Алматы жастары 3.0" деген жаңа бағдарлама әзірледік. Бұл тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі оның төмен пайыздық мөлшерлемесінде. 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен беріледі", - деді Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде.

Бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%.

Әкімдік бұл бағдарламаға 10 миллиард теңге бөлді. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 миллиард теңге қарастырып отыр. Қатысушылар бастапқы және екінші деңгейлі тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер сатып ала алады.

Қала әкімінің айтуынша, бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

Жалпы, Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үй қоры бар. Бұл елдегі ең үлкен тұрғын үй қоры болып саналады. Тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын өсуде. Бүгінде 25 533 азамат баспана кезегінде тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп.

Читайте также
Жалғыз аяқпен жанұясын асырап жүр

Былтыр 3162 адам баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлектері бар. Сонымен қатар, 2019 жылы 1050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілттерін алды.

Биыл 2020 жылы 3 810 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Олардың ішінде 1300–ден астам пәтер "Бакытты отбасы" бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы сатылатын болады.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету - әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, Алматыдағы ескі үйлер мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні апатты 81 үйді бұзу және 700-ге жуық отбасына жаңа баспана беру туралы келісімдерге қол қойылды.

KAZINFORM.

Фото: 24.kz.

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай