Алматы облысында карантинге жабылған тұрғын үй кешеніне тегін азық-түлік жеткізе бастады

1946 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 05 Апр 2020, 13:25

Алғашқы азық-түлік пакеттері бүгін 1215 адамды қамтитын 240 пәтерге берілді

Алматы облысының Қарасай ауданында карантиндегі "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімдіктен тегін азық-түлік тауарларын ала бастады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Читайте также
В Алматинской области после обнаружения нового зараженного увеличили количество блокпостов

"Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ тапсырмасына сәйкес кеше карантиндегі тұрғын үй кешенінде тұрғындармен жиын өткіздік. Кездесу барысында бірінші кезекте біз азық-түлікке өте мұқтаж адамдарды анықтадық. Өйткені карантиннен бөлек тұрғындардың көпшілігі жұмыссыз қалды. Оған қоса алдағы уақытта шешімі қарастырылатын бірқатар тұрмыстық мәселелер талқыланды", - деді облыс әкімінің орынбасары Серік ТҰРДАЛИЕВ.

"Біз оларға бұдан былай да қолдау көрсетеміз. Мұқтаж адамдардың тізімі басқарушы компаниялардан келіп түсуде. Азық-түліктен басқа тұрғын үй кешеніне 10 мыңдай бір реттік маскалар апарып берілді. Олар тегін таратылуда".

Алғашқы азық-түлік пакеттері бүгін 1215 адамды қамтитын 240 пәтерге берілді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бірінші кезекте көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, қарт адамдар және жұмыссыз қалғандар сияқты халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары назарға алынды. Тұрғын үй кешеніне азық-түлік тарату ісіне кешенде тұратын тұрғындар арасынан шыққан волонтерлар да белсенді әрекет етуде.

"Жағдайды өздеріңіз көріп отырсыздар. Біз жұмыссыз қалдық, өмір сүруге керекті қажеттіліктерге зәруміз. Алдында уаымдағанымыз рас, бірақ әкімдік бізді қиындықта жалғыз қалдырған жоқ. Қолдап, көмек көрсетіп жатыр", - деді "Асыл арман" ТК тұрғыны Александр Цой.

Читайте также
Из-за COVID-19 овцеводы лишились помощников

Атап өтсек, тұрғындардың көпшілігі үйлерін ипотекамен алғандықтан, жергілікті билік ипотека төлемінің мәселесін қарастыруда.

"Бұл мәселе әр жағдайды жеке-жеке алып қарастырылатын болады", - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев. Сол сияқты ТК тұрғындары карантин аяқталғаннан кейін "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша жұмысқа тұра алатындығы да айтылды.

"Қолдаудың қосымша шараларының арқасында жұмыстан шығып қалған және жұмыссыз азаматтар үшін 68 мың жұмыс орны ашылатын болады. Мәселен, "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен 22 мың адамды қамту жоспарланған. Жұмыс орындарын құруда Мемлекет басшысының Жұмыспен қамту жол картасына 1 трлн. теңге бөлу туралы шешімі зор ықпал етеді. Сол қатарда біздің облысқа 109,2 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржыға 22,8 мың жұмыс орнын құратын 977 жоба жүзеге асырылмақ", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

KAZINFORM.

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
Новые правила выселения и риски для владельцев квартир
Право на жилище не означает право жить за чужой счёт: Виталий Шалаев о правах арендатора и собственника
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Безопасность женщин и детей - критерий зрелости государства
Зарина Есбулатова о семейной политике, демографии и результатах социальных реформ в Казахстане
Американская военная база в Польше, протесты в Приштине и рождение планеты Elias 2-24 b
Главное в мире
125 тысяч жителей Йемена бегут от войны: Саудовская Аравия обратилась за помощью к Китаю
Саудовская Аравия и хуситы продолжают обмен ударами, пока боевые действия усиливают угрозу судоходству через Баб-эль-Мандеб
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай