Алексей Цой биыл елімізде бірқатар қауіпті инфекциялар тіркелмегенін айтты

1571 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Окт 2021, 11:15

2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ

Бүгін парламент мәжілісіндегі Үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ биыл елімізде бірқатар қауіпті аурулар тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Шымкент "жасыл" аймаққа кірді

"2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді", - деді А. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Балаим КЕСЕБАЕВА өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, коронавирус инфекциясына қарсы күрес бүкіл отандық денсаулық сақтау жүйесін қозғады. Қарапайым сөзбен айтқанда, COVID-19 пандемиясы біздің денсаулық сақтау саласын әбігерге салды. Бұл, әсіресе, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға әсер етті. Өкінішке қарай, өткен жылдың қайғылы салдары санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің әлсіз тұстарын көрсетіп берді", - деді Б. Кесебаева.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В области Жетісу впервые состоялись региональные соревнования по дрон-рейсингу и авиамоделированию