Аяулым Әміренованың әкесі: Олимпиадаға аттанған қызыма ақ жол тілеймін

2614 просмотров
0
Ратель
Суббота, 29 Янв 2022, 17:00

Читайте также
Ләззат Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 9 спортшы жол тартты, ҚазАқпарат деп хабарлады Оның ішінде фристайлшы Аяулым ӘМІРЕНОВА бар.

Олимпиадада екінші рет ел намысын қорғайтын 20 жастағы Аяулым үшін отбасының, жақындарының қолдауы ерекше ыстық. Олар тақымдарын қысып, үкілеген үміттерін артып отыр.

Қазақпарат тілшісімен әңгімелескен спортшының әкесі Серік ӘМІРЕНОВ бауыр еті баласының жұлдызы жанып, жетістікке жетуіне ләйім тілекші екендігін жеткізді.

Үш жасынан шаңғы тебеді

4-20 ақпан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан бақ сынайтын 6 спортышының бірі – Аяулым Әміренова. Ол 2001 жылы 30 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында дүниеге келген. Өскемендегі Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі.

Фристайлдан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған ол Еуропа кубогінің 2017 жылғы кезеңінің алтын, қола, күміс жүлдегері. 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

"Қызым 3 жасында шаңғы тебуді үйренді. Міне, содан бастап спортпен үздіксіз шұғылданып келе жатыр. Ең әуелі Өскеменнің іргесіндегі Алтай альпісіне апарып, спортқа баулыдық. 4 жасынан жаттықтырушы Сергей Аксеновтің тәлімін көріп, фристайл-могулға қызығушылығы артты", - дейді әкесі Серік Әміренов.

Бойында табандылық бар

Ерлі-зайыптылар 2 бала тәрбиелеп, өсірді. Тұңғыштары – ұл, Аяулым – кенжелері. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеген қыздарының мінезі ашық, сабырлы.

Читайте также
Ресей университеттері "Болашақ" бойынша оқытатын оқу орындарының тізіміне енді

"Спортшының спорттан басқа дүниелермен айналысуға көп уақыты бола бермейді. Қызымыз осы жолды таңдап, бар ынтасын, күш-жігерін соған сарп етіп жүр. Алайда сабақтан да еш қол үзбеді. Мектепті кілең бестікке аяқтап, "Алтын белгі" иегері атанды. Спортта сабырсыз, төзімсіз адамның жетістікке жетуі екіталай. Ал баламыздың бойында табандылық, шыдамдылық бар. Олимпиадаға аттанған қызыма ақ жол тілеймін! Туған-туыстары, жерлестері, мұқым Қазақстан қолдауларын білдіруде. Баршаңызға ризамыз!", - деді Серік Әміренов.

Зайсан ауданының әкімі Серік ЗАЙНУЛДИН Аяулымға сәттілік тілеп, жеңіспен оралуына тілеулестігін жеткізді. "Фристайл - қазақтың ұл-қыздары үшін игерілмеген аса күрделі спорт түрі. Соған қарамастан Аяулым өзінің табандылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында биік белестерді бағындыруда.

Аяулым Серікқызына Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін! Аспан асты елінде ел намысын қорғап, жеңіс биігінен көрінуіне тілекшімін. Еліміздің ғана емес, облысымыздың, ауданымыздың намысын қорғайтыныңа зор сенім білдіремін!", - деді ол.

95 елдің кіл мықтылары сайысқа түсетін қысқы Олимпиада спорттың 7 түрінен өтеді. Жалпы саны 109 медаль ойнатылмақ. Қазақстандық спортшылар фристайл, трамплиннен шаңғымен секіру, биатлон және тау шаңғысы сияқты спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді.


Олардың ішінде 9 шығысқазақстандық бар. Атап айтқанда, Юлия ГАЛЫШЕВА, Аяулым Әмренова, Анастасия ГОРОДКО, Дмитрий РЕЙХЕРД, Павел КОЛМАКОВ, Олеся ГРАУР, Сергей ТКАЧЕНКО, Галина ВИШНЕВСКАЯ-ШЕПОРЕНКО және Захар КУЧИН.

Әрқайсысы ірі халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып келеді. Республикадағы барлық өңірлер арасынан ең көп спортшы осы облыстан шықты.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Сбой «Яндекса» в Казахстане – вопрос может выйти на уровень Совета безопасности
В распоряжении Ratel.kz оказался документ о национальной безопасности Казахстана, предположительно адресованный Роману Скляру
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай