
Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жас
Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті. Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана, - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінше.
Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жас.
- Бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді,
- олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!