Қиын кезде қыздың қолдауын көріп алған ойыншы қазір отанына қайтып кеткен
Гвинеялық шабуылшы Адама ДИАЛЛО екі жыл Қазақстанда ойнаған. Алдымен Қызылорданың "Қайсар" клубында, сосын Түркістанның "Тұран" клубында доп тепті.
Осы екі жылда ол қазақ қыздарының бірімен көңіл жарастырып үлгерген екен, деп жазады 1bol.kz.
Былтыр желіде оның Ләззат РАЙЫМБЕКОВА есімді арумен түскен фотосы тараған. Қыз Қызылордадағы жылдам тамақтану орталықтарының бірінде директор екен.
"Ол туралы толыққанды айтқым келмейді. Алайда, өте жақсы қыз. Қазақстандағы қиын кезеңде көмегін аямады. Екеуіміз екі жыл жүрдік. Әрбір сәтсіз матчтан кейін мені қолдады", - дейді африкалық футболшы Meta-ratings.kz тілшісіне берген сұхбатында
Футболшы бірінші лигада 2 жылда 63 матчта жалпы саны 44 гол салған. Түркістанның "Тұран" клубымен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалғанын, бірақ олар "лақтырып" кеткенін айтқан.
Қазір футболшы отанында жүр.
Фото: Meta-ratings.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!