АЭС саламыз дейді. Ақтауда ауыз су жетпей жатыр

2045 просмотров
0
Ратель
Среда, 04 Сен 2024, 15:00

Су беріңдер! Ақтаулықтар судың жоқтығынан жолды жапты

Ақтаудағы 32В шағын ауданындағы “Шаңырақ” кешенінің тұрғындары үйлерінде судың жоқтығынан далаға шығып, жолды жабуға мәжбүр болды.

Бұл 3 қыркүйекте кешкісін болған оқиға. Үш ай бойы тұрақты сусыз отырған ақтаулықтар басқа шараның жоқтығынан көлік жүретін жолға шығып, суды тұрақты беруді талап етті. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Lada.kz жариялады.

Видеода “Шаңырақ” тұрғындарын жолдан күшпен сүйреп шығаруға тырысқан полицейлер түсірілген.

Жағдайға қатысты Ақтау қаласының әкімдігі түсініктеме берген екен:

Читайте также
АЭС-тің референдумы үшін ОСК бюджеттен 15,5 млрд теңге сұрамақ

“32В шағын ауданындағы №12 үйдің ауласында сағат 20:30-да “Шаңырақ” тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз судың жоқтығы мәселесіне байланысты жиналды. “Шаңырақ” тұрғындарымен әкімдік қызметкерлері, Ақтау прокуратурасы өкілдері және “Каспий жылу, су арнасы” МКК өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Уәкілетті тұлғалардың түсіндіру жұмыстарынан кейін тұрғындар үйлеріне тарады”, - делінген ресми хабарламада.

Әкімдік ЦУВС-4 резервуарларындағы ауыз су деңгейін сақтап тұру үшін “Каспий жылу, су арнасы” Ақтауға берілетін су қысымын күнде әдейі төмендететуге мәжбүр екенін еске салды. Қалыпты қысым сағат 18:00-ден кейін пайда болады.

Ақтау тұрғындары мұндай “жол жабу” шарасына бірінші рет барып отырған жоқ. “Шаңырақ” тұрғындары 2023 жылдың қараша айында да дәл осы себеппен жолды жауып тастаған болатын. Сол кезде қала әкімдігі желілер құрылысшының меншігінде екенін және сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған.

Биыл маусым және шілде айларында 19-шы шағын ауданның тұрғындары жолды жабуға шыққан болатын. Ол кезде де билік су береміз деп уәде етіп құтылған.

Фото: видеодан кадр / lada.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Траур в Киеве, возвращение сомалийских пиратов и оливковые черепахи
Мировые новости: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай