Абай облысында орманнан көшет ұрлағандар сотталды

1544 просмотров
0
Антон СЕРГИЕНКО
Вторник, 03 Июн 2025, 15:00

Экс-орманшы мен оның танысы Семей орманынан жарты миллиард теңге тұратын көшетті “зып еткізген”

Абай облысының сотында да небір істер қаралып жатады: күні кеше қорықтың бұрынғы қызметкері мен оның танысының ісі қаралды. Бұл екеуі жыл сайынғы көшет отырғызу шарасына арналған көшеттердің күзетілмей тұрғанын пайдаланып, “ақша жасап” қалуға тырысқан екен.

Читайте также
Тендердегі былығы үшін ШҚО шенеуніктеріне айыппұл салынды

Екі дос “Семей Орманы” мекемесінің Долон филиалына қарасты Грачев орман шаруашылығына барып, ондағы “қарағай көшеттері” сақталып тұрған жерге тоқтаған. Сосын маңайда ешқандай “күзет-мүзеттің” жоқтығына көз жеткізген соң, жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 264 426 дана көшетті көлігіне тиеп, үндемей ғана ұрлап кеткен.

Ұрланған көшеттерді сату үшін Павлодар қаласына қалай тартқан. Ақыр аяғында “ірі көлемде бөтеннің мүлігін алдын ала сөз байласып топтасып ұрлады” деген ауырлау айыппен (ҚР ҚК 188 бабы 4-бөлігі 3-тармағы) сотқа тартылды.

Бұл бап бойынша жаза ретінде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу қарастырылған. Прокурор екі ұрының әрқайсысына 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Айыпталушылар кінәсін мойындап, бұл ұрлықтың ұйымдастырушысы бұрын “Семей Орманы” мекемесінде жұмыс істегенін, көктем сайын көшет отырғызу жұмыстары жүргізілетінін білетінін айтты. Сол себепті ол танысына “қарағай көшеттерін ұрлап, оны Павлодарға апарып сатып жіберейік” деген ұсыныс жасағанын мойындады. Олар соттан бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Читайте также
Енді "креативно жейік" дедіңдер ме

Сот екі ұрының енді шын жүректен өкініп отырғанын көріп, жазаны жеңілдетуді жөн деп тапты. Сотталушылар ҚР ҚК 188 бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Жетісіп жүрмеген жандар екені ескеріліп, “мүлікті тәркілеу” деген қосымша жаза қосылған жоқ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: iStock.

Аударған: А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай