400 мыңнан астам бала мектепке дайындалу үшін материалдық көмек алады

972 просмотров
0
Ратель
Пятница, 28 Июл 2023, 12:00

Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала мектеп формасымен, мектепке қажет керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге материалдық көмекпен қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқу-ағарту министрілігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читайте также
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.

- Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата - аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, - дейді балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас БАТЫРХАН.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады.

Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған болатын.

Фото: nur.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Алматы во время проверок выявили превышение эконорм у автотранспорта