Мәжіліс төрағасы Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды
1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжіліс төрағасы Ерлан ҚОШАНОВ Қазақстан Республикасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Фото: bnews.kz.