Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

1629 просмотров
0
Ратель
Суббота, 26 Окт 2024, 15:00

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады

KAZINFORM: Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Читайте также
Астанада Республика күніне мұқтаж отбасыларға азық-түлік топтамасы таратылды

Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері "Қоныс" спорт кешенінде өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Cондай-ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Еске салсақ, Астана қаласында Республика күніне орай, қазақ күресінен "Қазақстан барысы-2024" республикалық турнирі өтеді. Аталған ірі дода 26 қазан күні "Барыс-Арена" стадионында өтеді.

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты деген 42 балуаны бақ сынайды. Олар еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қала - Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы "Қазақстан Барысы" жеңімпазы мен "Әскер Барысы" екі балуаны қатысады.

Фото: Olympic.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Вынесен приговор по делу о кредитном мошенничестве на сумму более 240 млн тенге