"Өзатом": Өзбекстан АЭС-ке қатысты Ресеймен түпкі шешім қабылданған жоқ

1574 просмотров
0
Ратель
Суббота, 04 Мая 2024, 12:00

Жалпылама мәлімдемелерден басқа нақты ештеңе жоқ

Ресей өкілдерімен Өзбекстанда атом электр станциясын салу жөніндегі келіссөздер жалпы мәлімдемелер әрі аспады.

"Өзатом" басшысы Әзім АХМЕДХОЖАЕВ журналистер сұрағына осылай деп жауап берді, деп жазады centralasian.org.

"Біз қазір жай ғана келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жалпылама мәлімдемелерден басқа нақты ештеңе жоқ. Ресей жағы да жалпылама мәлімдеме жасап, бірақ қосымша мәлімет беріп, басқаша астарлап жүр. Бірақ қазір нақты ештеңе жоқ. Жалпылама мәліметтер ғана", дейді Өзбекстан атом энергетикасын дамыту жөніндегі агенттік директоры.

Читайте также
Не болды екен? Назарбаевтың ресми сайты істемей қалды

Өткен аптада "Росатом" корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары Кирилл Комаровтың айтуынша, Өзбекстанмен АЭС құрылысына қатысты келіссөздер "әжептәуір сәтті" өтіп жатыр.

"Біз осы жобаны жүзеге асыруға кез келген уақытта дайынбыз", дейді "Росатом" өкілі.

Өзбекстан энергетика министрі Журабек МИРЗАХМУДОВ былтыр қарашада Ташкент АЭС құрылысына қатысты Ресей "тәжірибесі мен технологиясын" ғана емес, басқа да елдерді де қарастырып жатыр деп мәлімдеген.

Ташкент пен Мәскеу 2018 жылғы қыркүйекте Өзбекстанда АЭС салуға қатысты әріптестік туралы келісімге қол қойған.

Фото: SCANPIX. Көрнекі сурет. АЭС.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Служба травматологии в казахстане: 130 тысяч операций в год