Қытай күзде Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бастайды

1483 просмотров
0
Ратель
Четверг, 09 Мая 2024, 16:00

Қырғызстан өз аумағы арқылы тауарлар транзитінен жыл сайын шамамен 200 млн доллар алады

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысы осы жылдың қазан айында басталады. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр ЖАПАРОВ мәлімдеген.

Жапаров қазіргі таңда Қырғызстанның логистикасы тұйық мемлекет екенін, елдің әлемге Қазақстан мен Ресей теміржолдары арқылы шығып жүргенін айтқан.

"Темір жол салынса, біз әлемге шыға аламыз. Бұл біздің өз жолымыз болады дегенді білдіреді", – деген Садыр Жапаров.

Ол сонымен бірге Қырғызстан, Қытай және Өзбекстан бұл жобаны ілгерілету үшін тиісті шаралар атқарып жатқанын айтқан, деп жазады kursiv.media.

Жоспарланған теміржол Қытай мен Орталық Азияны байланыстырады. Одан әрі Еуропа мен Парсы шығанағы елдеріне жаңа көлік бағыттары ашылмақ. Атап айтқанда бұл бағыт Қытай мен Өзбекстанның теміржол желілерін Қырғызстан арқылы, содан кейін Түрікменстан, Иран және Түркия арқылы Еуропаға қосады. Ұзындығы 454 шақырым болатын бағыт Қытай Қашқарынан Торугарт, Нарын және Жалал-Абад арқылы өзбек шекарасына дейін өтеді.

Читайте также
"Өзатом": Өзбекстан АЭС-ке қатысты Ресеймен түпкі шешім қабылданған жоқ

Бұл теміржолды Қытайдың China State Railway Group Co.Ltd компаниясының көмегімен салынады.

Айта кетейік бұл темір жол құрылысы өткен жылдың күзінде басталуы керек болған. Бірақ Бейжің, Бішкек және Ташкент қаржыландыру үлесі жайлы келісе алмағаны себепті құрылыс кейінге шегерілген.

Жобаның құны – 1,34 млрд долларды құрайды. Қырғызстанның бұл магистралды қаржыландырудың өзіндік көздері болмағандықтан, құрылыс ҚХР ақшасына жүргізіледі деп болжануда.

"Жоба дайын. Бірақ Бейжің, Бішкек және Ташкент қаржыландыру үлесі туралы әлі келісе алмаған. Бұл ұзаққа созылуы мүмкін. Қырғызстан мен Өзбекстанда жобаны қаржыландыруға ақша жоқ", - деген трансевразиялық тасымалдау жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің Бас хатшысы Геннадий БЕССОНОВ.

Алдын ала бағалау бойынша, Қырғызстан өз аумағы арқылы тауарлар транзитінен жыл сайын шамамен 200 млн доллар алады.

Фото: kursiv.media.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента