Ресей соғысқа 1952-ші жылғы техникасын шығарды

2916 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 31 Мар 2025, 13:00

Бұл соғыста электросамокат түгілі, ат пен есекке дейін сұраныс артып келеді

Талай техникасынан айырылып қалған Ресей әскері енді соғыстың алғы шебінде ГАЗ-69 дейтін мәшинелерін пайдалана бастады. Жолсыз жерге арналған бұл жүк көлігі 1940-шы жылы құрастырылып, алғашқы данасы Ресейдегі Молотов зауытының конвейерінен 1952 жылы шыққан, деп жазыпты Forbes басылымының шолушысы Дэвид АКС.

Читайте также
Путин барда Ресей ешқашан дамымайды – саясаттанушы

Ең соңғы ГАЗ-69 зауыттан 1972 жылы шыққан. Енді осы өндірісі 50 жыл бұрын тоқтаған, өзіне 80 жыл болған конструкция Украинаға қарсы соғыс шебінде қатарға қосылған көлік құралының “жаңа” түрі болды.

“Ескі көліктердің келуі Ресей армиясындағы демеханизацияны білдіреді”, - деп жазады сарапшы.

Ресейдің бұл соғыста “әумин боп кеткен” бронды машиналары мен басқа да ауыр техникасының саны 20 мыңнан асады. Салыстыру үшін, бүкіл Ұлыбритания армиясы қазір шамамен 18 мың көлік құралын пайдаланады.

“Бронды техниканың шығыны сұмдық боп жатыр. Ресей оның орнын жаңа шыққан техникамен толтыра алмай, сақталып тұрған ескі-құсқы темір-терсегін түгендеуге мәжбүр. Алайда Ресей армиясындағы демеханизация Ресейдің шабуылдары тоқтап қалады дегенді білдірмейді, қанша дегенмен Ресейдің адамдары да, техникалық құралдары да саны жағынан Украинаны он орайды”, - деп жазады сарапшы.

Фото: x.com/bayraktar_1love.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Айдарбек Сапаров провел ряд двусторонних переговоров с бизнес-сообществом ОАЭ