Еске салсақ, Үндістанда аяқ астынан эпилепсияға ұқсас ауру басталды – адамдардың басы айналып, есінен айырылған, денесі қалшылдап, аузынан көбік аққан. Ауырғандар саны 800-ге жетті, біреуі қайтыс болды.
Жергілікті дәрігерлер науқастарды тексеріп шықты, сондай-ақ, коронавирусқа да тест алды. Бірақ, тест теріс нәтиже көрсеткен. Әзірге нақты қандай ауру екенін анықтау мүмкін болмай тұр.
Болжам бойынша тұрғындар құрамында ауыр металл, фосфорорганикалық қосылыстар мен пестицидтар бар ауыз судан уланған. Суға масадан қорғайтын зат түсуі мүмкін.
Билік ауру тіркелген аудандар "психологиялық дағдарыста" екенін атап өтті. Халық арасында дүрбелең туды, Sputnik деп хабарлайды.