Лукашенконың соңғы спектаклі

3206 просмотров
0
Айдын Олжаев
Пятница, 01 Ноя 2024, 13:00

Бүгінгі Беларусь тығырыққа әбден тірелді

Белоруссияда енді үш айдан соң – 26 қаңтарда кезектен тыс президенттік сайлау өтетін болды. "Лукашенко неге сонша қатты асығып отыр", деген сауалға "Радые Рацыя" эфирінде Наталья РАДИНА дейтін белоруссиялық журналист былай деп тон пішкен екен.

Читайте также
Беларусь на 31 году правления Лукашенко в графиках и схемах

- Ендігі жетпіс жасқа жеткен Лукашенконың асығуына себеп бар. Біріншіден, диктатордың денсаулығы тым нашар, сайлауды ертерек өткізбесе, үлгермей қалатын түрі бар. Қант диабетінің кесірінен аяғындағы екі саусағын кесіп тастаған деген ақпарат жүр. Ақсаңдап жүретіні содан. Әйтсе де әлі өз аяғымен тұра алатын кезінде сайлауын өткізіп алмақ. Әрине, ол билікте өлгенше отырғысы келеді.

Белоруссия халқының көпшілігі өзін қолдамайтынын Лукашенко біледі. 2020 жылғы "сайлауда" ол жеңілді. Сол сайлаудан соң қоғамға жасаған репрессиясынан кейін сүйкімі әбден кеткен.

Өзі Украинамен соғысып жатқан Ресей Белоруссиядағы диктатураны бұрынғыдай көлемде қаржыландыра алмайды. Ресейдің өзі экономикалық дағдарыстың алдында тұр.

26 қаңтарда әкімшілік ресурстарды пайдаланып, мемлекеттік қызметтегі беларусь халқын тағы да сайлау учаскелеріне мәжбүрлеп апаратыны түсінікті. Бірақ бұл – Лукашенконың соңғы "сайлауы". Оның соңғы спектаклі. Батьканың келесі сайлауды күтетіндей бес жылы жоқ. Ресей соғысты мәңгі соза алмайды, оның да ресурстары таусылып барады. Лукашенко режимінің де ресурстары бітті. Беларусьтің мұнай өнімдері, калий мен азот тыңайтқыштарына 2020 жылдан кейін енгізілген санкциялар режим үшін сұмдық соққы болып отыр. Бүгінгі Беларусь тығырыққа әбден тірелді.

Лукашенко енді елді "тәуелсіздіктен айырыламыз" деп қорқытуға ашық көшті. Кезінде СССР толық күйремей қалған екен. Толық күйреуі енді болып жатыр. Отыз жыл бұрын Ресей империясы постсоветтік кеңістіктегі ықпалын сақтап қалып, көптеген ұлттық республикалар оның құрамынан шыға алмай қалды. Беларусь, Әзербайжан, Армения, Қазақстанда пайда болған диктатуралар Ресейдің қолдауымен жүзеге асырылды. Енді Ресейдің өзінің ақшасы бітіп барады. Бүкіл әлемге қарсы соғысу оңай емес, Ауғанстандағы соғысты көтере алмай қалған СССР сияқты бүгінгі Ресей де Украинадағы соғысқа төтеп бере алмайды, - деген екен журналист.

Фото: EPA.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай