Өзбекстан Әлем чемпионатында. Қазақ футболының болашағын Мәке-Жәке жеп қойды

1876 просмотров
0
Аслан Каженов
Суббота, 07 Июн 2025, 12:00

Жеу керек, жеу керек және тағы да жеу керек оларға...

Читайте также
Дым идеология жоқ. Дым даму жоқ. Дым намыс жоқ

Қазір көрші елде үлкен қуаныш, үлкен той. Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл – тек Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл Орта Азия үшін тарихи жетістік. Соңғы 10 жылдағы кешенді жұмыстардың жемісі. Қызығасың, әрі қызғанасың.

Ал біздің халық неге осылай қуанбайды? Біздің эмоциямыз неге ұрланды? Біздің бақытымыз неге сатылып кетті? Иә, тура мағынасында ұрланып әрі сатылып кетті.

Соңғы 18 жылда қазақ футболына 700 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның бәрін аға-көке мен Мәке-Жәке қалтасына басты. Олар өзінің ғана қамын ойлап, бүкіл халықты қуанышынан айырды. Қазақ футболының ақшасын жейміз деп, қазақ футболының болашағын да бірге жеп қойды. Бұл – нағыз сатқындық.

Жә, өткен нәрсе өтті дейік. Ал қазір нақты жоспар бар ма? Хоть 10 жылдан кейін не 20 жылдан кейін осы биікке шыға аламыз ба? Әрине, жоқ. Бұлар сеніммен қатар, үмітімізді де жоқ қылды.

Иә, кішігірім жобалар қолға алынады. Бірақ оның соңын білеміз. Бәрін әбден майшелпекке айналдырып, ішіп-жеп, ойнап-тойлап, үрім-бұтағымен тойғаннан кейін аяқсыз қалдырады.

Не деген ашкөздік деймін?!

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Қазақ футболынан “тема” жасап отырғандар әбден тойынып, құсатын уақыты жетті ғой. Жоқ. Ары қарай да тоқтамау қажет. Тіпті, биыл арнайы заң да қабылданды. Облыстарда футболға бөлінетін қаржы 1,2 млрд теңгеден аспауы қажет немесе бюджет қаржысына легионерлер алынбауы қажет деген сияқты. Оған параллель біз күнделікті небір мәселені көтереміз. Пысқармайды. Жеу керек, жеу керек және тағы да жеу керек.

Расымен де, өзбектерге қызғана қарайсың. Өйткені, халықтың қазіргі шаттығы мен қуанышы және болашаққа деген сенімі ешбір ақшамен өлшенбейді. Оны сатып алу мүмкін емес.

Сатып жіберу мүмкін екеніне көзіміз жетті. Бірақ, сатып ала алмайсың. Осыны біздің футболдың басы-қасындағылар қашан түсінеді екен?

Өзінің емес, елдің мүддесін жоғары қоятын уақыт бола ма?

Қазақ халқы неге осындай бақытқа лайық емес?

Ал әлгілердің өз мүддесін ел мүддесін жоғары қойып, бүкіл халықты бақыттан айыруға қандай хақы бар?

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: Reuters.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Алматы обсудили развитие потенциала молодых ученых