Қазақстанда ешбір ұлттың құқығы шектелмеуі тиіс
Титулды ұлт деген не?
Бұл мемлекетімізге атау берген ұлт, тілі және мәдениеті елімізде негізгі болып саналатын ұлт, әлем елдері арасында мемлекетіміздің өзіндік ерекшелігін анықтайтын ұлт.
Шетелдіктер Қазақстан туралы айтқанда мемлекеттік тіліміз орыс, украин немес ұйғыр тілі емес, қазақ тілі деп түсінеді, ұлттық тағамымыз щи, хе немесе гренки емес, бешбармақ деп ойлайды, ұлттық батырымыз Александр СУВОРОВ, Наполеон немесе Степан БАНДЕРА емес бұл Кенесары хан деп біледі.
Осы және өзге көптеген дүние еліміз бен халқымыздың өзіндік ерекшелігін анықтайды. Қазақтарды айқындаушы этнос ретінде көрсетеді.
Алайды бар болғаны осы.
Қазақ ұлтының Қазақстанда басқа еш артықшылығы жоқ және болмауы тиіс!
Орыс, украин, неміс, татар, кәріс және басқа да қазақстандықтар өздерін қазақтар сынды толыққанды азамат ретінде сезінуі тиіс.
Ешбір қазақтың Қазақстанның орысына: "Ресейге кет" немесе украинға "Украинаға кет" деп айтуға құқығы жоқ. Олар да ел азаматы және қазақтар сынды олардың да осы жерде тұруға толық құқығы бар.
Қазақстанда ешбір ұлттың құқығы шектелмеуі тиіс.
Барлығымыздың тереземіз тең.
Пост на русском языке здесь.
Источник: страница Марата Толибаева в Facebook. Публикуется с разрешения автора.