Ресейде үсік жүрді. Жазда Мәскеу бізден азық-түлік сұрайды

1483 просмотров
0
Ратель
Вторник, 14 Мая 2024, 14:00

Ресейдегі үсік Қазақстанның азық-түлік нарығына әсер етеді – сарапшы

Ресейдегі үсік Қазақстанның азық-түлік нарығына әсер етеді. Мұндай пікірді сарапшы Кирилл ПАВЛОВ білдірді, деп жазады kaz.inform.kz.

Мамыр мерекесі кезінде Ресейдің бірқатар өңірінде күн бұзылып, тіпті Мәскеуде мол қар жауған болатын. Осы орайда сарапшы Кирилл Павлов үсік жеміс бақтарына теріс әсер еткендігін айтады. Соның салдарынан Ресейдің азық-түлік нарығында бірқатар өнімге сұраныс артуы ықтимал.

Фото: Кирил Павловтың Facebook парақшасынан.
Читайте также
Сәкен Мамаш туыстарына миллиондап ақша аударады – Карина Мамаш

"Ресейдің бірқатар өңірінде құлпынай мен жеміс бақтары үсіп қалды. Бүгін Тамбов облысында астық дақылдарын да үсік шалды. Қалай десек те, мұндай табиғи өзгеріс азық-түлік нарығына әсерін тигізеді. Сондықтан сұраныс болады", - деді ол.

Сарапшының атап өтуінше, соңғы уақытта Ресей ішкі өндіріске басымдық беріп отыр. Ал ендігі уақытта нарықтағы белгілі бір сәтсіздікке байланысты қажетті өнімді импорттау арқылы орнын толтыруға тырысады. Ол бағаға да әсер ететіндігі анық.

"Бұл жайт Қазақстанға да тікелей әсер етуі мүмкін. Егер Мәскеу біздің өнімді жақсы бағаға сатып алатын болса, онда барлығы да азық-түлікті сол жаққа апаруға тырысады. Ал егер Қазақстан экспортқа тыйым салса, онда фермерлер шығынға батады", - деді Кирилл Павлов.

Фото: Shutterstock/Fotodom.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы