Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

4300 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 27 Мая 2024, 12:00

Алтын орда Шығыс Еуропадағы кейбір мемлекеттердің құрылуына тікелей әсер етті

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ ежелгі және орта ғасыр тарихы кафедрасының меңгерушісі Нұрлан АТЫҒАЕВ Жошы ұлысының тарихы туралы тың деректерді бөлісті. 

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығы аталып жатыр.

- Жошы - Шыңғыс ханның тұңғышы. Шыңғыс хан империясының құрылуына үлкен үлес қосқан тұлға. Қытайға, батыс Дешті Қыпшақ даласына, Хорезмшах мемлекетіне жорықтарға қатысып, даңқты қолбасшы, мықты стратег екенін көрсетті. Сондықтан Шыңғыс хан оны өз мұрагері ретінде қарастырып, оның қол астына үлкен аумақ берілген деген пікір бар. Жошы ұлысы кейінгі дереккөздерде Алтын Орда деген атпен белгілі болған, - деді ол.

Нұрлан Атығаев Жошы ұлысының тарихтағы алатын орны ауқымды екенін айта отырып, Мәскеу князьдігінің пайда болуына оның тікелей қатысы бар екенін атап өтті.

Читайте также
Кремльдің әскери коммунизмі неге әкеп соқтырады

- Жошы ұлысы Ертіс пен Дунай арасындағы халықтарды біріктірді. Дәл осы Алтын Орданың ішінде этникалық топтар бірігіп, ол бүгінгі ұлттардың қалыптасуына әкелді. Алтын Орда бөлінген кезде Қазақ хандығы қалыптасты. Сондықтан біз - Жошы ұлысының мұрагерлерінің біріміз. Одан бөлек Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары пайда болды. Сондай-ақ бүгінгі Ресейдің түп тамыры саналатын Мәскеу князьдігі де Жошы ұлысының арқасында құрылды. Сондықтан Алтын орданың тарихтағы орны өте ауқымды әрі маңызды деп айта аламыз. Жошыдан басталған ұлыс кейінгі Меңгу темір кезінде өз тәуелсіздігін жариялап, өз ақшасын соғып, дербес экономикалық саясат жүргізе бастады. Алтын орда Еуразияның бүкіл орталығын алып жатқандықтан батыс пен шығысты экономикалық және саяси байланыстырып отырды. Шығыс Еуропадағы кейбір мемлекеттердің құрылуына тікелей әсер етті, - деді тарихшы.

Сондай-ақ ол бұл тақырыптың әлі де зерттеуді қажет ететінін және орта ғасыр тарихын зерттейтін мамандардың аз екенін айтты.

- Алтын Орданың тарихы бірнеше ғасыр бойы зерттеліп келе жатыр. Мұндағы басты мәселе - деректердің кем болуында және олардың көбі араб, парсы, қытай тілдерінде жазылуы. Бұл тұрғыдан Қазақстанда үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, "Мәдени мұра", "Архив 2025" мемлекеттік бағдарламалары аясында Қазақстан тарихы, оның ішінде Жошы ұлысы туралы құнды деректер жиналып, олар аударылып жатыр. Дегенмен, әлі де ресейлік әріптестерімізден кішкене қалып келе жатқанымызды мойындау керек. Себебі бізде орта ғасырдың тарихымен айналысатын мамандар аз. Мұндай зерттеумен айналысатын адамдар араб және өзге тілдегі дереккөздерді оқып, дұрыс аудара білуі қажет, - деді Нұрлан Атығаев.

Фото: Нұрлан Атығаев / Facebook.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Почему люди в Казахстане не верят в закон
Адвокат Асқат Сулубек о том, почему недоверие к закону часто связано с практикой его применения и зачем гражданам знать свои права
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Нобелевская премия за новую возможность лечения Паркинсона, эпилепсии и восстановления зрения
Оптогенетика позволяет управлять активностью нервных клеток с помощью света
Забастовки, наводнения, пожары, дипломатические кризисы и войны
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай