Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жемқорлыққа жол ашады

1791 просмотров
0
Вадим БОРЕЙКО
Вторник, 07 Ноя 2017, 14:30

Вадим Борейко белгілі қазақстандық экономист Рақым Ошақбаевпен жасаған сұхбаттарынан білім, медицина тақырыбындағы әңгімелері

Рахым ОШАҚБАЕВ 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы,  Ұлан ауданында дүниеге келген. 1999 жылы  Ломоносов атындағы ММУ-нің экономика факультетін бітірген. 2001-2002: бас есепші, атқарушы директор, «КазАгроФинанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. 2004-2008 жылдары жеке меншік компанияның басшысы. 2009-2011: ҚР Ауылшаруашылық министрлігіндегі аналитикалық орталықтың директоры.  2011 жылдың мамыр айынан бастап  – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да атқарушы директор, 2012-2015 жылдары  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары. 2015 жылдың  тамызынан 2016 жылдың наурызына дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі. 2016 жылдан -  «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.

Читайте также
Рахим Ошакбаев: Второй опыт страховой медицины тоже провалится

«Медициналық сақтандыру салықтың жаңа түрі»

- Рахым, сіз міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қарсысыз. Көптеген адам «Хабар» телеарнасынан денсаулық сақтау министрі Е. БІРТАНОВПЕН болған пікірталаста сіздің ұстанымыңызды білді. Қыркүйекте өткен парламенттің ашық сессиясында президент ММСЖ енгізуге асықпау керектігі туралы айтқан еді. Бұл сіздің айтқандарыңыз Елбасының құлағына жетті деген сөз бе?

-Бұл жағы маған белгісіз. Алайда құрметті министр Біртановпен болған пікір таласымыз  президент әкімшілігі, үкімет, Денсаулық сақтау министрлігі осы реформадағы мәселелерді жете түсінуге өз септігін тигізіп, біздің дәйектеріміз тыңдалды дегенге сенгім келеді.

- Дегенмен, сіз президентке үшбу хат жаздыңыз ба?

-Президент әкімшілігіне жұмыс тәртібі бойынша материалдар бергем. 

- Бәлкім, кейбір адамдар сіздің баспасөздегі, әлеуметтік желі мен теледидардағы уәждеріңізден бейхабар. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне нақты не үшін қарсысыз?

- Нақты айтатын болсақ, бұл ешқандай да медициналық сақтандыру емес. Дәл осы бастамадан құрлымдық реформаны көріп тұрғаным жоқ. Тек зардаптарын ғана тартатын боламыз. Мені ең бірінші  кезекте көпшілік мұқтаж, тегін медициналық көмектің қысқаруы алаңдатады. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер. Яғни табыс көзі аз бұқара. Бұл дәйекті жоққа шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмекті көбейтпек. Алайда мемлекет алдында адами капиталдың сапасын жақсарту мәселесі тұр. Онымен қоса, денсаулық сапасы да бар. Мәселен, мен өзімді орта класс өкілімін дейін. Тегін медициналық қызметке жүгінбеймін. Өзім және отбасым үшін төлеймін. Тұтас алғанда, денсаулық сақтау саласындағы шығынды қазақстандықтар өз қалтасынан төлейді. Онымен қоса ММСЖ төлемі тым жоғары және үнемі өсіп отырады. Пікірталаста айтқанымдай ауыл халқы жылына тісін емдетуге, дәрі-дәрмектерге т.б. 10 мың теңге жұмсайды.

-Отбасына ма, әлде, бір адамға ма?

-Бір адамға.

-Шамамен табыстан қанша пайыз?

- Тұтас мемлекетті алғанда, денсаулық сақтау саласының шығынының 30 пайызы және қосымша ММСЖ-ға ақша құясыз. Алайда медициналық сақтандырудағы қызмет түрлері қазіргіден еш айырмасы жоқ. Айырмашылығы бүгінгі күні тегін алып жүрген медициналық қызметке енді ақша төлейтін боласыз.

Читайте также
Қазақстанда латын графикасында алғашқы басылым шықты

-Тағы да бұл реформаның несімен келіспейсіз?

- Сөзсіз «Міндетті медициналық сақтандыру қорына» ешқандай да сақтандыру төлемі жасалмайды. Шынтуайтына келгенде, бұл салықтың жаңа түрі. Үшіншіден, ММСЖ жемқорлыққа жол ашады.

-Жемқорлыққа қалай жол ашады?

- Елена БАХМУТОВА басқаратын «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғам болмақ. Олар: «Біз комиссия құрамыз, қоғам назарын аударамыз, бізде ревизиялық-бақылау басқармасы болады» деген түрлі әңгімелер айтқанымен, ол жердегі қаражат заңдық негізде қадағаланбайды. Есеп комитеті, парламент алдында есеп бермейді. Бұл реформа медицинадағы сапаны жақсартпайды, дәрігерлердің біліктілігін арттыру жағы қарастырылмаған. Керісінше, елімізде өлім-жітім саны артуда.

Читайте также
Латынға өтудің шығыны қанша?

- Көбіне қандай аурулардан адамдар көз жұмады?

- Қан айналымы, тыныс алу мүшелері аурулары және қатерлі ісік ауруы. Алайда бұл туралы статистикалық мәліметтер жоқ.

- Неге?

-Статистикалық мәліметтерді әдейі жасырып отыр деп сенімді түрде айта алмаймын. Оларды жарияламайды. Біз әйтеуір денсаулық сақтау министрлігінің ресурстарынан жоғарыда айтылған аурулардан көз жұмған адамдардың санын анықтап біле алмадық.

- Министрге осы жөнінде айттыңыз ба?

- Хабар телеарнасында болған пікірталас кезінде айтқам. Не деп жауап бергенін білмеймін. Білетінім, біздің өтінішіміз қабылданған жоқ. Әзірге түрлі дерттен көз жұмғандар туралы статистикалық мәлімет жарияланбады.

- Министрлікпен бір пәтуаға келген жерлеріңіз болды ма?

- ММСЖ-ны қайта қарап шығу керек. Бұл реформаны осы күйінде іске мүлдем қосуға болмайды. Сондықтан да біз: екі жыл уақыт беріңдер, дұрыс жұмыс тобын құрайық, қолайлы медициналық сақтандыру жүйесін құрамыз дедік. Біз осындай жүйелі түрде жасалған реформаны қолдаймыз. Жақсы емес пе, егер сізге: Ваке, 30 немесе 50 мың теңге сақтандыруға төлеңіз, сонда сізді ерекшіліктеріңізге сәйкес емхана 24 сағат кеңес беріп және қызмет көрсетеді десе. Алайда олай емес. Барлығы ақша жинаумен ғана айналысып жатыр. Министр дебатта: Қор медициналық мекемелерде ем алушылардың құқығын қорғайды деді. Бұл күлкілі нәрсе. 

- Президент ММСЖ жетілдіру керектігін айтты емес пе. Әйтсе де медициналық сақтандыру үшін айлықтың бес пайызын жинау басталып кетті.

- Иә, ақша жинау басталып кетті. Заңдық тұрғыда оған тоқтау қоя алмадық.

- «Көш жүре түзеледі» демекші... 

- Мен өмірде әділдік бар деген философияны ұстанам. Әрбір адам қолында барға лайықты. Егер біз табысымыздың 5 пайызын төлесек, кәсіпкерлер оған үндемесе яғни олар төлеулері керек. Кәсіпкерлеріміз қайда? Солар ғой ең көп  зардап шегетіндер! Біз осы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мәселелеріне қоғамның негізгі бөлігінің назарын аудардық. Дені үнсіз. Дауыс шығарып жатқандары шамалы.

Мұғалімдердің еңбек ақысын көбейту керек

Читайте также
Қазақша сөйлетудің «рузалық» тәсілі

- Бірінші кезекте қазір мұғалімдердің айлығын екі есе өсіру қажет. Мектепте интернетті тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу, әрине тамаша үдеріс. Заманға сай білім берулі тиіс. Алайда педагогтардың айлық мәселесі бар емес пе?! Білікті мамандарсыз білім саласында алға жылжу мүмкін емес. Жуырда туған ауылымда болып, мектептегілерден сұрадым:

- Егер сіздерге мұғалім болып келсем, айлығым қанша болады?

- 40 мың теңге.

- Ал ең жоғарғы жалақы қанша?

- Егер аптасына 25 сағат бала оқытсаңыз, тиісті еңбек өтіліңіз, категорияңыз болса ең көп дегенде 110 мың түседі. Қолыңызға шамамен 85 мың теңге тиеді.

- Мамандар тапшы ма?

-Иә, математиктер жетіспейді.

Мектеп директорының сөзінше биыл Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті  төрт-ақ «математикті» даярлап шығарған. Олардың барлығы өндіріске кетіп қалыпты. Яғни, бірде-біреуі мектепке бармаған. Біздің есебіміз бойынша жуық арадағы бес жылда мұғалімдер тапшылығы  60 мың адамды құрайды. Содан кейін 100 мың маман қажет болады. Ал білім ордалары 40-ақ мың маманды даярлап шығады. Және аймақтағы мұғалімдердің еңбекақысын сол өңірдегі ортақ жалақымен теңестіру үшін қанша қаражат керектігін де есептеп көрген едік. Оған 220 млрд. теңге кетеді екен. Мен бірнеше ауыл мектептерінде болдым. Оқушы кезім есіме түсті.

- Мысалы?

- Мектеп маңайынан әктелген кірпіштермен қоршалған күтімі жақсы гүлзарларды көрдім. Бұрын Совет заманында тура солай  болатын. Мектепке кірсеңіз, шықырлаған бірнеше рет қоңыр түспен боялған еденге назар аудармау мүмкін емес.  Және талай мәрте боялған парталар. Мен өз балалығыма оралғандай болдым. Бейнебір уақыт бір орнында тоқтап қалып, 25 жылда еш нәрсе өзгермеген тәрізді. Неге? Меніңше, ауыл мектептеріндегі мұғалімдер құрамы жаңарған жоқ. Егер жақсы айлық төлеп, жас мамандар мен орта жастағы ұстаздарды мектепке тартса, олар өзгерістер жасар еді. Әзірге мектептегі мұғалімдердің 82 пайызы әйелдер. Олардың көбінің жасы егде тартқан.

Читайте также
Орыс көрерменге ашаршылық тақырыбын ашқан қазақ

- Алыс аудандарға аз ғана айлық үшін кім барады?

- 2017 жылдың II кварталы бойынша білім саласындағы орташа еңбекақы 108 мың теңге. Бұл ауыл шаруашылығы саласынан кейінгі төмен деңгей. Егер мұғалімдердің айлығын тым болмаса 200 мың теңгеге көбейтсе, жастар ауылға барар еді. Мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке айтқам: «Педагогтардың айлығын өсірген кез-келген министр тәуелсіз Қазақстан тарихында өз атын алтын әріптермен жазып қалдырады» деп. Жыл сайын еңбек нарқына 250 мың жас маман шығады. Ал мектепке 350 мың бала барады. Дүниеге келетіндердің саны 400 мың. Мектептерге үлкен салмақ түсіп жатыр. Егер біз мектепте оқушыларға сапалы білім бермесек,  оларды болашақта кедейшілік күтіп тұр. Бұл қазіргі күнгі басты мәселе. Осыны үнемі айтуымыз керек!

 

 

 

Фото: Рахым Ошақбаев мұрағатынан алынды.

 

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Чистят дороги только те акимы, что боятся, что их снимут или не перевыберут: короче, дороги чистят только трусы
Нельзя заменить экономические реформы блогерами-штрейкбрехерами
Борьба с забастовками превращается в кампанию по дискредитации забастовщиков
В Казахстане "отмыли" структурное подразделение финансовой пирамиды "Hermes LTD"
ПК "UBW KZ" исключили из списка подозрительных проектов
Нурлан Жумасултанов: Власти хотят заново расследовать причины авиакатастрофы 2019 года
Кому и зачем нужно переписать окончательный Отчет о расследовании обстоятельств аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
В Польше после перестрелки с полицией задержан 24-летний казахстанец
В польском городе Краков после полицейской погони задержаны казахстанец и украинец, подозреваемые в нелегальном владении оружием
Узкий коридор. Бумажный Левиафан
Казахстан обладает многими чертами Бумажного Левиафана, который катастрофичен для экономического процветания
"Ответ Гуриеву" от американцев
Вышедшее социсследование стало очередным свидетельством, что у Трампа почти неограниченный карт-бланш от электората
"Понравилась сатана лучше ясна сокола": как Тарас Шевченко стал моряком в степях Казахстана
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Про людей
…Которые живы, пока мы помним про них
Как несчастный случай на СТО играет на руку министру энергетики
Верховный суд сделал мощную антирекламу автомобилям, заправляющимся газом
Реклама как способ узнать о том, как жили наши прабабушки
По объявлениям в старых газетах и журналах можно составить представление о том, какой была жизнь век-полтора назад
Суд прикрыл позор актюбинской полиции
Отсидевший четыре месяца в следственном изоляторе из-за полицейского беспредела не получит моральный вред из-за хитростей закона
На Риддерской ТЭЦ внештатная ситуация – 6 человек пострадали
Власти уверяют, что ситуация под контролем, и снова никто не вспоминает Даниала Ахметова
В столовых Qarmet не остаётся даже объедков для собак
Животных выловили на территории компании и отвезли в приют, но забыли, что их нужно кормить
Нож в глазу: в СКО врачи борются за жизнь трёхлетнего мальчика
По словам матери, малыш сам неудачно упал на кухне
ГЭС на реке Коксу строит компания, ранее проложившая бракованные трубы на другой ГЭС
Они провели встречу с населением, которая сопровождалась потасовками и оскорблениями
"Украли две квартиры, опоили и убили": подробности из суда по делу чёрных риелторов из Алматы
Сразу два врача центров психического здоровья способствовали этому
Отсутствие кассового аппарата в кафе привело замначальника районного ДГД на скамью подсудимых
Налоговик предложил владельцам общепита своё покровительство
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.