Ешбір ел өз ұлдарын бұлай төмендетпейді

2594 просмотров
0
Аслан Каженов
Вторник, 30 Апр 2024, 14:00

Футболды не істеп жібердік?

Өзбекстан құрамасы олимпиадаға қатысады

Кешелі бері осы жаңалықты барлық ақпарат құралы жарыса жариялап жатыр. Көрші елдің жастар командасы Азия чемпионатының финалына шығып, Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Тарихи жетістік. Өзбек ағайындар футболдан Орталық Азиядан жазғы ойындарда өнер көрсететін алғашқы ел болмақ.

Енді осындайда еріксіз өзіміздің футболға назар аударасың. Не болып жатыр? Не істеп жатсыңдар? Баяғы сол іріп-шіру. Балалар академиялары жоқтың қасы. Жасыл алаңдар жетіспейді. Есесіне биылдан бастап легионерлерге лимитті ашып тастап, шетелдік ойыншыларды қаптаттық. Қазақ балалары ойнай алмайды деген желеумен "запасқа" отырғызып қойдық. Ешбір ел өзінің ұлдарын осылай төмендетпейді. Өзбектер неге өз балалары туралы солай айтпайды? Қырғыздар ше? Тәжіктер ше? Ал біз шеттен келген келімсектердің көтіне кіріп, көңілін тапқанымызға мәзбіз.

Читайте также
Семейде 10-ақ мың орындық стадионға 12 млрд теңге жұмсалады

Ұлттық құраманың өзіне шетелдіктерді тыға бастадық қой. Біз мына түрімізбен қалай адам боламыз? Қалай өзбектердің деңгейіне жетеміз? Бапкердің түрі анау. Ресейлік клубты баптай ма, ұлттық команданы баптай ма? Не істеп жүр? Нақты стратегиясы бар ма? Кеше баспасөз мәслихатына қатысты. Тұщымды ештеңе айта алмады. Жалпы Қазақстан футбол федерациясынан үлкен өзгерістер әкелетіндей, үлкен реформа жасайтындай леп байқалмады. Сол баяғы жалпы әңгіме. Ұсақ-түйек мәселенің айналасы. Іліп алардай ештеңе жоқ.

Спорт деген жақсы дүние ғой. Мықтысың ба, озып шығасың. Әлсізсің бе, артта қаласың. Бұл жерде бірдеңе ғып келісуге не біреуді сатып алуға болмайды. Біз әбден осы нәрсеге үйренгенбіз. Елдің ішінде бәрі керемет сияқты көрінеді. Өйткені, жақсы есептер беріледі, жақсы уәделер төгіледі. Ал, жеме-жемге келгенде, ештеңеміз жоқ. Ешкім де емеспіз. Бұрын анау-мынау олқылықтар байқалмайтын. Ал, енді өзбектер суырылып алға шыққаннан кейін, артымыз кәдімгідей ашылды. Уже ақтала да алмайсыңдар. Көзбояушылықты қойып, нақты іспен айналысатын уақыт келді. Не жасаңдар, не жасайтындарға беріңдер. Қазақ футболын бостан-босқа қор қылмаңдар...

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- Президент Республики Казахстан
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас — о внутренней ответственности общества и государства
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай