Дым идеология жоқ. Дым даму жоқ. Дым намыс жоқ

2626 просмотров
0
Аслан Каженов
Четверг, 31 Окт 2024, 12:00

Қайыршы, кедей, сорлы, бейшарамыз...

Көтім ашып келеді. Париж олимпиадасындағы нәтижені білесіз. Одан кейін жағдайды қалай түзейміз деп шыр-пыр болып жүрміз. Сөйтіп, неге еліміздің намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтерілген жерлестеріміз туралы комикс кітаптар шығармасқа деген идея келді. Жастар мен жасөспірімдер үшін керемет мотивациялық құрал. Спортшыларымызға да жақсы қолдау. Оның үстіне, бұндай бастама әлемде бұрын-соңды болмаған. 

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Сөйтіп, суретшілер мен авторлардың басын қосып іске кірістік. Жобамызды Спорт қоры да қолдайтын болып, ауызша келісімін алдық. Процесc сәтті жүзеге асып жатқан. Енді аяғына келгенде әлгілер сөзден секіріп жатыр. Тығырыққа тірелдік. Жарайды, ақша бермей-ақ қойыңдар. Мен өзім-ақ көлігімді сатсам да, телефонымды сатсам, тіпті, несие алып болсын, осы жобаны соңына дейін жеткіземін. Оны біреуге дәлелдеу үшін емес, қазақ балалары үшін керек нәрсе болғасын соңына дейін барам. Бірақ, оны сендер, сорлылар, түсінбейсіңдер. Өрелерің жетпейді.

Ең көтті ашытқаны – “кітап не үшін қажет?”, “кітаптың спортқа не қатысы бар?”, “кітап спортты қалай дамытады?” дегені. Оны еще орысша араластырып жеткізеді. Бләәә. Жыл сайын дәл осы қордан қайдағы жоқ клубтарға, әсіресе, сол клубтардағы легионерлерге ондаған млрд тг шығады. “Барыс” хоккей клубына 8 млрд тг, “Астана” футбол клубына 4 млрд тг, “Астана” велоклубына 5 млрд тг, “Астана” баскетбол клубына 1,2 млрд тг деп кете береді. Біз білмейтініміз қаншама?! Ай сайын 30-40 млн тг алатын келімсектер бар. Тіпті, оларды елдеріне қайтарғаны үшін де жүздеген млн тг өтемақы төлеп жатсыңдар. Барлық ақша шетелге шығуда. Соларға неге айтпайсыңдар “нахрена қажетсіңдер” деп. Дым идеология жоқ. Дым даму жоқ. Дым намыс жоқ. Нағыз сорлымыз. Нағыз бейшарамыз.

Читайте также
Легионерсіз жеңіске жеттік

Біздің елде осындай халықтың ақшасын ауаға шашатын қорлар барында және оның басы-қасында орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын, қазақ деп жүрегі соқпайтын мамандар барында ешқашан оңбаймыз. Оларға отандық спорттық болашағы керек емес. Тек қана миллиарттарды далаға шашып, есебін тыныш жауып, сытылып кету маңызды. Солдардың кесірінен бүгінге дейін сорлы болып келдік. Сорлы болып қала береміз де. Қазақтың нағыз жанашырлары қайыршының күйін кешеді. Олар қазақтың елінде қазақтың баласына болсын дегені үшін ауыздары әбден ұрылып, бастары тасқа соғылу керек. Әлгілерге олардың қайыршы, яки, кедей болғаны тиімді. Мейлі. Көзімнің тірісінде қолдан келгенше жасап кетем. Басымды кесіп алғанша тоқтамаймын. Өйткені, сол спортшылардың жай-күйін өте жақсы білемін. Әлгі суретшілер мен қаламгерлер де, бәрі қазақтың баласы бола тұра қазақтың елінде өлместің күнін кешіп жүр. Бірақ, сіздерге қарағанда біздерде сана бар. Жүрек бар. Рух бар. Олар материалдық дүниеден әлдеқайда мықты. Бізден қызғанған тиын-тебендерің өздеріңе садақа. Желкелеріңнен шықсын. Легионерлердің желкесінен шықсын. Қаншалық кедергі болса, соншалық күшейе береміз. Мәңгі қайыршы, кедей, сорлы, яки, бейшара болмау үшін күресе береміз...

Дереккөз: Спорт журналисі Аслан Каженовтың Facebook-тегі парақшасы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: freepik.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай