"Давай бәріміз өлейік" деген референдум өтсе...

2698 просмотров
0
Айдын Олжаев
Вторник, 10 Сен 2024, 13:00

90 пайызымыз "иә" деп дауыс бере салар ма екенбіз?

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш референдум 1995 жылы өткен.

Ондағы жалғыз сауал – "Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ президенттік өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін созуға келісесіз бе?" (сайлау өткізіп әуре болмай-ақ) деген сауал еді.

Сол референдумға бірдеңеден құр қалатындай дауыс берушілердің 91 пайызы келіп, оның 95 пайызы "иә, қолдаймын" деп дауыс берген.

Тәуелсіздіктің буынан мастығы әлі тарқамай, басы ауырып тұрған халық едік сол кезде.

Читайте также
Қазақ спортын өлтіріп тастадық

Оңбай қателескенімізді қанды қаңтар көрсетті. Сол референдумның кесірінен кейінгі отыз жылдың ішінде Қазақстан тоналып, әбден адасып, тіпті құри жаздап, әрең аман қалды.

Енді ел мен жерге тиетін зұлматы одан да асып түсуі мүмкін мәселені көтерген тағы бір референдум есіктен қақты.

Президенттің аузынан "А" деген дауыс шықса аттандай жөнелетін "Аманат" партиясы науқанға белін шешіп кірісіп кетті, әне. Олар да әйтеуір белгісіз бірдеңенің буынан мас болып жүр.

Осыған дейінгі үш референдумда да "иә-иә" деп бас шұлғи берген Қазақстан халқы "жоқ" дей ала ма, өзі?

Соны тексеріп көру үшін билік "Өлуге көнесіз бе" деген сауалды референдумға шығарса?...

Әлде, шығарып қойды ма ондай сауалды?

Үйдің жанындағы мемлекеттік емхананы "нөмірі пәленбай сайлау уческесі" деп жазуларын жапсырып дайындап жатыр екен. - Қандай сайлау өткелі жатыр? деп сұрасам, - "Атомный бомба жайында", - деп жайбарақат жауап береді бір медбике.

Солай.

АЭС пе, атом бомбасы ма, бәрібір сияқты шынымен...

Фото: AFP/BBC.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы