Қазақстанда енді бензин қымбаттай бастайды

2322 просмотров
0
Нефть и Газ Казахстана
Воскресенье, 19 Янв 2025, 12:00

Қазақстан әлем бойынша жанар-жағармай бағасы ең төмен елдердің бірі болып отыр

Қазақстан жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартпақ.

Энергетика министрінің бұйрығы жазылған жоба электрондық үкіметтің “Ашық НҚА” порталында талқылауға шығарылды. Талқылауға небәрі 5 күн берілген екен. Бұл дегеніміз – саяси шешімнің қабылданып қойғанын білдірсе керек.

Читайте также
Қазақстанда енді доллар қымбаттап, инфляция өседі – мамандар

Бензин мен дизель отынының бағасы тұп-тура 1-ші ақпаннан бастап күрт өсе жөнелмейді. Өйткені халық тағы көтеріліп, оның арты наразылықтар мен әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін. Сондықтан, бұл арада бағаны біртіндеп көтеру әдісі қолданылмақ болса керек.

Сарапшылар Қазақстанда бензин бағасын қолдан шектеуді доғарудың уақыты баяғыда жеткенін жоққа шығармайды. Энергетика министрлігі баспасөз хабарламасында атап өткендей, қазіргі уақытта Қазақстан әлем бойынша жанар-жағармай бағасы ең төмен елдердің бірі болып отыр. Соның кесірінен “бензин тапшылығы, саланы модернизациялау мүмкін болмай, отынның түрлі заңсыз схемалар арқылы шетелге шығарылуы” орын алып жатыр.

Мысалы, Қазақстанда бензиннің шекті бағасы литріне 205 теңге. Оны “сұр схема” арқылы немесе бензин бактары мен канистрлермен кедендік шекарасыз Ресейге шығарса – 288 теңгеге сатуға болады. Ал Кедендік одаққа кіретін Қырғызстанда бензин литрінің бағасы 385 теңгеге дейін жетеді. Қазақстанда дизель отынының бағасы литріне 295 теңге болса, Ресейде орташа алғанда 355 теңге, ал Қырғызстанда 427 теңге.

Бюджетке кедендік алымдар арқылы түк те түспейді, ал баға айырмашылығы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға емес, “сұр” және “қара” экспорттаушылардың қалтасына кетіп жатыр.

Үкіметтің қазіргі басты уайымы – инфляция. Сарапшылардың мәліметінше, бензиннің 10%-ға қымбаттауы инфляцияны 1%-ға арттыруы мүмкін.

Дереккөз: t.me/oilgazKZ – Олег Червинскийдің Telegram-каналы. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: sknews.kz.

Аударған: А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
От автоспорта до звания академика: путь общественного деятеля Александра Белянова
Международная полицейская ассоциация – Япония, Испания, США и другие страны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай