Доллардың орташа бағамы 5,09 теңгеге көтеріліп кетті
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 – 462 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.
Ұлттық банктің 19 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 457,98 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,26 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457 – 462 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 459,9 – 462,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 – 5,25 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 18 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,09 теңгеге қымбаттап, 458,15 теңге болған.
Фото: informburo.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!